Главная Новости Алматы ЖЭО күлінен құрылыс материалдарын өндіретін зауыт салынып жатыр
03 июня 2026, 15:24 67

Алматы ЖЭО күлінен құрылыс материалдарын өндіретін зауыт салынып жатыр

Алматы ЖЭО күлінен құрылыс материалдарын өндіретін зауыт салынып жатыр

«Самұрық-Энергоның» бұл жобасы - Қазақстан үшін бірегей әрі елімізде баламасы жоқ бастама. Кәсіпорында А. Жақұтов атындағы ЖЭО-2 нысанының үйінділерінен алынатын күлден құрылыс блоктары мен құрғақ құрылыс қоспалары өндірілмек.

Технология жылдар бойы жиналған күл-қож қалдықтарын кәдеге жаратуға мүмкіндік береді, сондай-ақ іргелес аумақтарға келетін экологиялық зиянды азайтады.

Зауыттың өндірістік қуаты жылына 200 мың текше метр өнімге дейін жетеді. Нысанды 2026 жылдың соңында пайдалануға беру жоспарланған. Кейін жобаны Алматы ЖЭО-3 пен Екібастұз МАЭС-терінде қолдану көзделіп отыр. Бұл күл-қож қалдықтарын қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.

Бүгінде инженерлік инфрақұрылымды тарту жұмыстары толықтай аяқталып, іргетастар орнатылып жатыр. Жобаны іске асыру аталған технологияны өзге электр станцияларында да кеңінен қолдануға негіз болады.

Сонымен қатар, ол «Самұрық-Энерго» АҚ-ның өндірістік қалдықтарын экологиялық тиімді басқарудың үлгісін көрсетеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: