Главная Новости Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта іске қосылды
06 маусым 2023, 14:20 1200

Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта іске қосылды

Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта іске қосылды

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын қалпына келтіру пысықтады.

Осылайша, 2023 жылдың 2 маусымынан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастады. Тасымалдау «Боинг – 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағыты бойынша орындалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: