Главная Новости Алматы облысында теміржол бекіткіштерін роботтар жасайды
24 қыркүйек 2024, 12:40 70

Алматы облысында теміржол бекіткіштерін роботтар жасайды

Алматы облысында теміржол бекіткіштерін роботтар жасайды

Алматы облысында орналасқан «СП «FastenersMetal» ЖШС теміржол бекіткіштерін шығаратын зауыт жұмысы роботтандырылған.

«СП «FastenersMetal» бірлескен кәсіпорны – қазақстандық «Фирма «Бент» ЖШС мен қытайлық GKRailways компаниясы арасындағы серіктестіктің нәтижесі.

«Біз озық технологиялар мен өндірісті роботтандыруға басымдық бердік. Біздің зауыт жылына 800 мыңнан астам темірбетон шпала мен 1,2 миллионнан астам теміржол бекіткіштерін шығара алады», – дейді компания президенті Дінмұхамед Құзиев.

Дінмұхамед Құзиев қытайлық серіктесті таңдау кездейсоқ емес екенін атап өтті: GKRailways – жоғары жылдамдықты теміржолдарға арналған құрамдас бөлшектерді өндіруде әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі.

Зауытта соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған жеке зертхана жұмыс істейді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: