Главная Новости «Алматыбасжоспарда» Қазақстанда жайлы мектептер салу мәселелері талқыланды
20 қыркүйек 2023, 11:42 752

«Алматыбасжоспарда» Қазақстанда жайлы мектептер салу мәселелері талқыланды

«Алматыбасжоспарда» Қазақстанда жайлы мектептер салу мәселелері талқыланды

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Мәулен Айманбетовтың, «Алматыбасжоспар ҒЗИ» мекемесі Бас директорының орынбасары Рүстем Қожағұловтың, «Қазақтелеком» АҚ өкілдерінің, Алматы әкімдігі басқармалары басшыларының, сондай-ақ мердігер ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.

Жиын барысында дереу шешуді талап ететін 13 проблемалық учаске бойынша мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.

«Алматыда жайлы мектептерге бөлінген учаскелердегі проблемалардың басты себебі – қызыл жолақтардың сақталмауы және егжей-тегжейлі жобалау жоспарының жылына екі реттен өзгертілуінде. Тағы бір себеп – көпқабатты үйлердің бейберекет құрылысы. Алайда, әр шағын ауданда серуендеуге арналған саябақтар, ауруханалар, балабақшалар мен мектептер сияқты әлеуметтік нысандар болуы керек. Қазір олардың тапшылығы сезілуде. Мұндай проблема халық тығыз орналасқан «Шұғыла» шағын ауданында да бар. 16 га бос аумақта көлденең өтетін жол құрылысы жоспарланған. Біз «Алматыбасжоспар» ҒЗИ-на осы жолды учаскенің оң жақ бойымен салуды, ал бос аумаққа аурухана, Дене шынықтыру жәнем сауықтыру кешені, сондай-ақ жайлы мектеп салуды ұсынамыз, өйткені олардың құрылысына бөлінген қазіргі учаскелерөте тар. Біз бұл мәселені Үкімет деңгейінде көтеруге дайынбыз. Алайда, уақытты жоғалтпай, құрылысты тежемес үшін уақытша жоба әзірлеу қажет,- деп атап өтті «Samruk-Kazyna Construction» Басқарма Төрағасы.

Мәулен Айманбетовтың айтуынша, Құлжа трактінің оңтүстігіндегі жайлы мектептің құрылыс алаңында орналасқан жер учаскесінің иесімен де мәселе шешілген жоқ. Осыған байланысты мердігер оқу білім ошағының құрылысына дайындықты бастай алмай отыр. Жер телімінің иесі тіпті қорғау органдарын шақырған. Мұндай проблемалар тағы бірнеше учаскелерде бар және олар жиналыста ашық көтерілді.

Оңтүстік астананың жер қатынастары басқармасы жол салу және болашақ жайлы мектептердің аумағына еркін кіреберіс қамтамасыз ету мақсатында көршілес жер учаскелерін мемлекеттік қажеттілік үшін алуды қамтамасыз етуі тиіс, ал Алматы қаласының мобилділік басқармасы оларды жобалауға және салуға кірісуі қажет.

«BI Urban Construction» ЖШС жобалар директорына Айманбетов Алатау ауданының «Қарасу» шағын ауданында салынатын 2000 орындық жайлы мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізу кестесін аяқтауды тапсырды.

«Bazis Construction» ЖШС мектептерді жобалау және салу дирекциясының директорына «Ақбұлақ» шағын ауданында 1500 оқушы орындық мектеп салу кезінде үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін тұрақты қосылу нүктесінен тұрақты электрмен жабдықтаудың кабельдік желісін жобалау мен салуды бастау тапсырылды.

Алматы қаласының құрылыс басқармасы 2024 жылдың сәуіріне дейін «Құрақамыс» шағын ауданындағы 1500 орындық жайлы мектепке апаратын инженерлік желілер құрылысын аяқтау жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Samruk-Kazyna Construction басшысы тапсырмалардың орындалуын және проблемалық мәселелерді шешу барысын жеке өзі бақылайтынын атап өтті, өйткені оқу орындарын сапалы салу және уақтылы тапсыруға басымдық берілген.

Samruk-Kazyna Construction басшысы бұл мәселелердің барлығы 21 қыркүйек, бейсенбіге жоспарланған Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесу барысында көтерілетінін атап өтті. Оқу орындарының уақтылы салынып, тапсырылуы ұлттық жобаның маңызды басымдығы болып табылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: