Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Екі күн ішінде 8 өңірден келген 40 қатысушы коммуникативтік, көшбасшылық дағдыларды және басқа да негізгі кәсіби құзыреттерді меңгереді. Аталмыш оқу лагері 15-16 шілдеде Астанада өтті.
Оңтүстік астанадағы лагерь ашылуына «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева, Мәжіліс депутаты Ерлан Стамбеков, «Шелл Қазақстан» әлеуметтік мәселелер жөніндегі талдаушысы Әлия Ибадильдина қатысты.
Лагерь «Samruk-Kazyna Trust» жүзеге асыратын «OrleTECH 3.0» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Екі күндік soft skills тәмамдалғаннан кейін 180 қатысушы AI-маман, no code әзірлеуші, UI/UX + Web-шебер сынды үш бағыт бойынша үш айлық онлайн оқуға кіріседі. Қатысушыларға жұмыс орнын табуға қолдау көрсетіледі.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қордың компаниялар тобына 100-ден астам ерекше қажеттілігі бар азамат жұмысқа тұрды.