Главная Новости Алматыда «ЕСЭ ASIA-2024» халықаралық контейнер форумы өтеді
27 ақпан 2024, 13:05 503

Алматыда «ЕСЭ ASIA-2024» халықаралық контейнер форумы өтеді

Алматыда «ЕСЭ ASIA-2024» халықаралық контейнер форумы өтеді

Сәуірдің 25-26 күндері Алматы қаласында «ЕСЭ ASIA-2024» халықаралық контейнер форумы өтеді.

Іс-шара барысында бизнес қауымдастығы, мемлекеттік қызметкерлер мен сарапшылар жаһандық контейнер нарығындағы ағымдағы жағдай мен үрдістерді, Азия мен Ресей елдерінің көліктік интеграциясының мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылайтын болады.  

Контейнерлік тасымал саласындағы ірі бизнес іс-шара 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған Ресей, Қытай, Қазақстан, Түркия, Тәжікстан мен Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге де елдерінен 150-ден астам тұрақты компаниялары қатысуда.  

CILT Central Asia президенті Нұрлан Игембаевтың айтуынша, бұл контейнерлік тасымалдауды дамытуға және көлік компаниялары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған тиімді коммуникациялық алаң. Халықаралық логистикада біліммен, ресурстармен және технологиялармен алмасу байланысты нығайтып қана қоймай, жүк тасымалын оңтайландыру үшін инновациялық жолдарды қалыптастырып, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етпек.

Биылғы форумның күн тәртібінде трансазиялық көлік дәліздерін қалыптастыру және кеңейту мәселелері, посткеңестік кеңістікте контейнерлік тасымалдауды дамытудың ағымдағы бағыттары бар. Бірінші күні форумға қатысушылар пленарлық пікірталаста аймақтық мемлекеттердің көлік саясаты: ынтымақтастық мүмкіндіктері; контейнерлік логистиканы дамытудағы елдердің әлеуеті; Орталық Азияның транзиттік әлеуетін іске асыру: негізгі драйверлер мен тежеушілер; Трансазиялық көлік дәліздерін дамыту перспективалары мен шектеулері. Интеграциялық мүмкіндіктер; Темір жол көлігімен жүк тасымалының өсуіне ықпал ететін негізгі факторлар; Халықаралық көлік дәліздерінің теміржол инфрақұрылымын дамытудың басымдықтары, Орталық Азия елдері арқылы транзит кезінде бөгеттерді жою перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар форум шеңберінде «Жаһандық контейнерлендіру: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында панельдік және «Көліктік логистика және кедендік декларация. Өзекті міндеттер мен практикалық шешімдер» тақырыбында практикалық  сессиялар өтпек.  Ал екінші күні форумға қатысушыларға  Алтынкөл – Қорғас шекаралық өткеліне таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, олар «Алтынкөл» станциясын, «Нұрлы жол»  өткізу пунктін, «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портын араламақ.  

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: