Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
27 қазанда Алматы қаласында логистикалық терминал салу және көлік-логистикалық қызметтер мен электрондық коммерцияның заманауи платформасын құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды.
Жобаны ҚТЖ Сиань қаласының Құрғақ портымен бірлесіп жүзеге асыруда. Жаңа терминал «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Кедентранссервис» АҚ еншілес ұйымының жүк терминалы негізінде құрылады.
Жаңа бірлескен жобаны іске қосу рәсіміне «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы, Сиань қаласы ҚКП парткомы және Сиань қаласы Құрғақ порты қатысты.
Алматы негізгі халықаралық маршруттар қиылысында бола отырып, маңызды көліктік-логистикалық торап болып табылады.

Жобаны іске асыру жүк терминалы инфрақұрылымы мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, бұл болашақта уақытша сақтау қоймаларында жүктердің едәуір көлемін сақтауға және өңдеуге, тауарларды уақтылы жеткізуге тікелей әсер ететін жүктерді өңдеу уақытын ұлғайтуға, сондай-ақ нарықтың, әсіресе электрондық коммерция нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Терминалдық және қойма мүмкіндіктерін дамыту Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк алушылары үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-дың барлық өңірлерінен жүктерді табысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Ауданы 10 гектар терминал аумағында жалпы ауданы 1400 м2 температуралық режимді реттеу технологиясын қолдана отырып, заманауи қоймалар, жалпы ауданы 36 000 м2 тарно-дана жүктерді және электрондық коммерция жүктерін сақтауға арналған «А» класты қоймалар салу жоспарлануда. Қытай тарапы роботты сақтау мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.
Жобада сондай-ақ 50 тонна жүк көтергіштігі бар электр кранын орната отырып, ауданы 12 000 м2 контейнерлік алаң көзделген.
Жобаны іске асыру елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейтуге және Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға қосымша серпін береді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»