Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көрме Huawei компаниясының жаңа смартфонының тұсаукесеріне орай ұйымдастырылды.
Huawei компаниясы жаңа P60 және P60 Pro смартфондарының қазақстандық нарыққа шығуына орай, кәсіби фотографтар Дарья Дунич, Арман Женикеев және Виктор Магдеевтің Алматы тақырыбындағы мобильді көрмесін өткізді. Фотографтарға қойылған басты талап – фотосуреттер Huawei P60 Pro смартфонымен түсірілуі тиіс болатын.
Көрме жаңа смартфондардың таныстырылымы аясында көрермен назарына ұсынылды. Мобильді фотосуреттерді Almaty Creative креативті индустрияларды дамыту орталығында тамашалауға болады.
«Бұл ерекше көрме Алматы мен қала қонақтарын шығармашылық серпіліс беріп, шабыт сыйлап, креативті мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз», – деді Almaty Creative бас директоры Қайсар Сарыбаев.

Huawei компаниясының жаңа смартфондары бұған дейін шығарған өнімдерінен бірқатар артықшылықтарға ие.
Компания оптика мен дизайнда тағы бір серпіліс жасап, сымды және сымсыз батарея функциясының сыйымдылығын арттырды. Абсолютті автономия 4815 мАч сымды Huawei SuperCharge 66 Вт (Huawei P60 үшін) және 88 Вт (Huawei P60 Pro үшін), 50 Вт жылдам сымсыз қуаттау және 7,5 Вт кері сымсыз қуаттау арқылы қамтамасыз етіледі. Жаңа смартфондардың басты ерекшелігі – Ultra Lighting негізгі камерасы бар XMAGE Ultra Light камерасы, F1.4-F4.0 автоматты реттелетін физикалық диафрагма, жоғары өткізгіш коэффициент линзалар тобы және RYYB SuperS сенсоры. Ультра жарықтандыру телефото камерасы дизайны жұқа және жеңіл болғанына қарамастан, одан да көп жарық түсіруге қабілетті. Бұл озық мүмкіндіктер әр түрлі түсірілім жағдайында өте жоғары түс пен динамикалық диапазонға жол береді.
Мұны компанияның тәжірибесіне қатысқан кәсіби фотографтар да қуаттады.
«Осы уақытқа дейін мен смартфондармен түсірілім жасаудан аулақ болуға тырыстым. HUAWEI P60 Pro смартфонын көргенде ойым өзгерді. Себебі, мен жылдам қарқынмен түсіремін, үнемі қозғалыста боламын, маған сапалы камера қажет», – деді фотограф Арман Женикеев.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
130
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»