Главная Новости Алматыда студент жаңа мобильді қосымша ойлап тапты
09 ақпан 2024, 15:03 771

Алматыда студент жаңа мобильді қосымша ойлап тапты

Алматыда студент жаңа мобильді қосымша ойлап тапты

Алматы технологиялық университетінің 3-курс студенті Нұрдәулет Байханов жаңа қосымша құрастырды. Атыраулық студент оған UNAI деген атау берген, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі. 

Жаңашыл студент Нұрдәулет Байхановтің айтуынша, бұл қосымшамен ҰБТ сұрақтарына дайындалуға, сараптама жасауға, жеке және топтық сайыс өткізуге болады.

«Қазір бұл форматтағы қосымшалар көп. Бірақ, UNAI-дың басқа қосымшалардан бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, оны тегін қолдана аласыз. Екіншіден, оқушының ҰБТ-ға дайындалып, білім деңгейінің көтерілгеніне сараптама жасауға болады. Бұл қосымша «Қалай 100 мың оқушыға көмектесе аламыз?» деген ізденістен туындады. Мақсатым — биыл 100 мың түлектің осы бағдарламаны пайдаланып, жоғары оқу орындарына тегін грантқа түсуіне көмектесу. Қосымша әр түлектің білімін жетілдіруіне кішкене болса да үлес қосады деген ойдамын», - дейді Нұрдәулет Байханов. 

Оның пікірінше, білікті маман атану үшін алдымен ҰБТ-дан жоғары балл алу қажет. Жастар мемлекеттік грантпен жоғары білім алып, маман иесі атанса, еліміздің әлемдік деңгейге шығуына үлес қосар еді. 

«Шоқан Уәлиханов атамыздың «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп, өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» дегенін ұдайы жадымда ұстап жүремін. Мен де елімнің дамуына осылай өз үлесімді қосып, халқымыздың жағдайы жақсарғанын қалаймын», - дейді Нұрдәулет Байханов. 

Студенттің айтуынша, UNAI қосымшасын пайдалану үшін App Store және Play market бағдарламасы арқылы жүктеу керек. Қосымшаға тіркелген соң, бастапқы беттегі «Ойнау» батырмасы арқылы бірден ҰБТ-ға дайындықты бастауға болады. Ал, арнайы нұсқаулықты unai.kz Instagram немесе Tik Tik парақшасынан көруге мүмкіндік бар. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: