Главная Новости Алматыда теміржолшылар қауіпсіздік бойынша семинар өткізді
17 қазан 2024, 16:35 180

Алматыда теміржолшылар қауіпсіздік бойынша семинар өткізді

Алматыда теміржолшылар қауіпсіздік бойынша семинар өткізді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалы базасында «Өндірістік қауіпсіздік – корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі» атты семинар өтті. Алматыда болған іс-шара өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.  

Жиынға компания атынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Рамазан Садырқұлов қатысып, сөз сөйледі. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас инженері Қайрат Қанапин «Өндірістік қауіпсіздікті басқару қағидаттары» тақырыбында баяндама жасады. «Оңтүстік» АФ директоры Руслан Жалғасбай аталған филиалдағы еңбек қауіпсіздігі мәдениеті туралы көпшілікті құлағдар етті. Семинарда «Вагонсервис» АҚ-да жарақаттанушылықты азайту бойынша жүргізілген жұмыстар да баяндалды.

– Өндірісте қайғылы жағдайлардың болуы адамзат үшін әлі де болса басты қайғы болып, күрделі экономикалық шығындарға әкелуде. Өндірістік жарақат алу себептерін талдау кезінде басшылардың жұмысты орындау барысында жұмысқа, ескі жабдықтарды жаңартуға, қайта құруға, еңбек қорғау талаптары мен ережелеріне дұрыс көңіл бөлмегенін көрсетіп отыр. Бас инженерлер мен еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы инженерлерінің жұмысы осы кемшіліктерді жоюға бағытталған. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін нормативтік база – ҚР Еңбек Кодексі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ салалық стандарттары бар. 2018-2023 жылдар аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниялар тобы бойынша 67 қайғылы оқиға болса, оның ішінде денсаулығының нашарлауына байланысты 36 оқиға, есепке алынған 12 және есепке алынбаған, өндіріспен байланысты емес 16 жағдай тіркелді. Шаруашылық бойынша 2018-2024 жылдар аралығында  аяқасты денсаулығы нашарлауына байланысты барлығы 39 және соңы өлімге әкелген 14 оқиға болды. Қайғылы оқиғалардың көбі жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуымен байланысты, – деді Қайрат Қанапин.  

Ол мұндай жағдайларға жол бермеу үшін өндірісте жүргізілетін профилактикалық жұмыстардың сапасын арттыру, жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауына бақылауды күшейту, олардың демалысы мен еңбек режимін сақтауын қамтамасыз ету, жұмысшылардың ауысымаралық медициналық тексеруден уақытылы өтуін тексеріп отыру, медициналық тексеруден өтпеген жұмысшыларды жұмысқа жібермеу, пойыз бригадаларымен әрбір рейс алдында жағдайы нашарласа, дереу медициналық мекемеге қаралуы қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу және т.б.талаптар мен ұсыныстар айтылды.    

Ал «Қазкәсіпкөлік» ҚБ еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық нұсқаушы Қайрат Мұқанов еңбек қауіпсіздігі бойынша плакаттардың мәні туралы айтып берді.    

– Мен жұмысшыларды міндетті түрде көрнекі құралдарды қолдана отырып, әсіресе плакаттар арқылы оқуға шақырамын, өйткені жұмысшыға жұмыс кезінде қауіпсіздік дағдыларын есте сақтау, өндірісте болуы мүмкін тәуекелдер туралы қысқа роликтер жасау оңайырақ. Көбіне бұл роликтерді үлкен іс-шараларда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде көрсету керек, тек осылай ғана біз қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың маңызды тұстарын оңай жеткізе аламыз. Әрине, ережелер мен нұсқаулықтар, техникалық карталар, технологиялық процестерден бас тарта алмаймыз, олар бойынша техникалық сабақтар өткізіледі. Десек те, уақыт талабына сай көрнекі құралдарға: плакаттарға, рилстерге және олардың қолжетімді, қызықты болуына көбірек көңіл бөлу керек. Плакаттар – бұл мақсатты аудиторияның назарын тез аударатын, негізгі ақпаратты жеткізетін және ұзақ әсер қалдыратын көрнекі құрал, – деді Қайрат Мұқанов.

Қатысушылар семинар аясында бірқатар өндіріс орындарының цехтарын аралады. Сондай-ақ «Қауіп жойылсын, қауіпсіздік орнасын» тақырыбында зияткерлік ойыны өткізілді.  

Райхан Рахметова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: