Главная Новости AlmaU «Қазақтелекомның» топ-менеджерлерін сабақ беруге шақырды
31 мамыр 2022, 11:00 1131

AlmaU «Қазақтелекомның» топ-менеджерлерін сабақ беруге шақырды

AlmaU «Қазақтелекомның» топ-менеджерлерін сабақ беруге шақырды

«Қазақтелеком» Almaty Management University білім ордасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта ең ірі байланыс операторы оқу орны негізінде өз қызметкерлерін оқытып, басқарушылық және кәсіби құзыреттерін дамытып, өз командасына университет түлектерін қабылдайды деп болжанады.

Меморандум сонымен қатар оқу орнының кез келген бакалавриат бағдарламалары үшін ұйымдастырылатын тағылымдамадан өту және жұмыс тәжірибесі бағдарламаларын әзірлеуді, сондай-ақ бірлескен симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізуді қарастырады. Өз кезегінде, еліміздің жетекші байланыс операторы университет түлектерін өз командасына қабылдайды, сонымен қатар осы университеттің студенттеріне ProTelecom тағылымдама бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.

«Біз үшін AlmaU серіктестігін таңдау кездейсоқ емес еді. Алматы Менеджмент Университеті Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде бизнес-білім берудің пионері және республикадағы отандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациясы мен марапаттары бар, мойындалған санаулы университеттердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, AlmaU-дың еліміздің түрлі қалаларда өкілдіктері бар, бұл болашақта біздің мамандарды және филиал басшыларын елордаға немесе Алматыға шақырмай-ақ оқыту мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңірлердегі университет базасында біз де қызметкерлерімізге ортақ семинарлар мен тренингтер құрып, өткізе аламыз. Мұның бәрі шынымен де маңызды», – деді «Қазақтелеком» АҚ Персонал жөніндегі бас директоры Берік Битабаров.

Еске салайық, Алматы Менеджмент Университеті білім беру нарығында 30 жылдан астам қызмет етіп келеді және өз жолын сонау 1988 жылы жаңа буын менеджерлерін шығаратын шағын Менеджмент мектебінен бастады. Бүгінгі таңда AlmaU-да 8 мектеп пен 2 орталық бар және оқыту 3 тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 20-дан астам мамандық және 30 білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұл ретте университетте үздіксіз білім беру жүйесі, яғни колледж, бакалавриат, магистратура, докторантура, сонымен қатар қысқа мерзімді бағдарламалар, курстар мен тренингтер қаралған. Сонымен қатар, университет танымал және алдыңғы қатарлы халықаралық университеттермен ынтымақтасады.

«Шын мәнінде, біз ең ірі байланыс операторымен көптен бері ынтымақтасуды және табысты істер үшін бірлескен жобаларды бастауды жоспарладық. Сонымен қатар, бүгін қол қойылған құжат өзара тиімді әріптестігімізге тың серпін береді деп ойлаймын. Әрине, біз өзімізді Қазақстандағы ең үздік бизнес университеті ретінде көрсетеміз, сонымен бірге «Қазақтелеком» қызметкерлері үшін аса қызықты болатынменеджмент, маркетинг және т.б. білім бағдарламалары бар. Сонымен қатар, оқыту бағдарламаларын құру кезінде батыстық оқыту стандарттарына, атап айтқанда, стратегиялық серіктесіміз Аризона мемлекеттік университетін баса назар аудара отырып, біз қазақстандық бизнестің ерекшеліктерін ескереміз», – деді AlmaU корпоративтік даму жөніндегі проректоры Руслан Қожахметов.

Айта кетерлік жайт, меморандум аясында «Қазақтелекомның» топ-менеджерлері студенттерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру үшін университетке оқытушы, кеңесші немесе тренер ретінде шақырылады. Сонымен қатар, ірі байланыс операторының жетекшілері бакалавриат немесе магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша дипломдық жұмыстардың, жобалардың және диссертациялардың кураторлары бола алады. Айтпақшы, соңғы 2 жылда «Қазақтелеком» жеті оқу орнымен – КИМЭП, Назарбаев Университеті, De Montfort University, Astana IT University және ҚБТУ-мен келісім-шарттар мен меморандумдар біріктірді.

Жалпы алғанда, компанияның білім беру жүйесі тармақталған құрылым болып табылады және тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерінде және алыс шетелдерде оқытудың әртүрлі түрлерін қамтиды, олардың қатарында: Кембридждегі General Electric оқу орталықтарында, BAS университетінде, «Сколково» орталық цифрлық трансформациясы басқару мектебі бар. «Қазақтелекомның» өзінде қызметкерлердің біліктілігінің, білімі мен дағдыларының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге жауапты жеке корпоративтік оқыту орталығы – Инфокоммуникациялық технологиялар академиясы бар.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: