Главная Новости Алмаз Саухимов: KEGOC жобалары ЖЭК интеграциясына жағдай жасайды
25 маусым 2024, 13:15 458

Алмаз Саухимов: KEGOC жобалары ЖЭК интеграциясына жағдай жасайды

Алмаз Саухимов: KEGOC жобалары ЖЭК интеграциясына жағдай жасайды

Ақтауда өткен «Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіндегі декарбонизация: ағымдағы үрдістер мен перспективалар»конференциясында «KEGOC» АҚ ҰЭТ дамыту жөніндегі Басқарушы директоры Алмаз Саухимов «KEGOC» АҚ-ның Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін интеграциялауды қамтамасыз ету жөніндегі даму жоспарлары туралы айтты.

Өз сөзінде ол Қазақстанда ЖЭК-тің жаңа көздерін дамыту және енгізу перспективаларын атап өтті.

2028 жылға дейін KEGOC Қазақстанның оңтүстік аймағының электр желісін күшейту және Батыс энергия торабының энергия жүйесін Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесімен біріктіру жөніндегі жобалардың алғашқы кезеңдерін аяқтауды жоспарлап отыр.

Алдағы 5 жылда генерациялайтын қуаттардың, оның ішінде ЖЭК-тің ауқымды мөлшерін іске қосу жоспарланып отырғандықтан, Солтүстік – Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін, Қазақстанның бірыңғай энергожүйесінің динамикалық тұрақтылығын, сондай-ақ Ресей-Орталық Азия және CASA 1000 бағыты бойынша экспорттық және транзиттік әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретін тұрақты ток желісін салу жөніндегі жобаны іске асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, 2040 жылға қарай Батыс энергия торабының энергия жүйесін Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесімен біріктірудің 2 кезеңін аяқтау жоспарланып отыр, бұл энергия жүйесін жоғары кернеулі желілермен қоршауды аяқтауға мүмкіндік береді.

KEGOC-тың 2040 ж. дейінгі инвестициялық портфелінде 10 ірі инфрақұрылымдық жоба бар. Олардың барлығы транзиттік әлеуетті арттыруға, сондай-ақ ұлттық электр тораптарының - экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне дайындығын, ЖЭК генерациясының жаңа көлемдерін қосу үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған.

Көмірқышқыл газы шығарындылары тақырыбына арналған конференция Қазақстанда алғаш рет өтті.

Қатысушылар климатқа теріс әсерді азайту және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі әлемдік үрдістерді, сондай-ақ әлемдік экономиканың инновациялық және технологиялық дамудың жаңа деңгейіне шығу перспективаларын талқылады.

Жетекші энергетикалық өндіруші компаниялар орнықты даму, ЖЭК дамыту бағдарламаларын және қызметтің қоршаған ортаға әсерін төмендету жөніндегі басқа да іс-шараларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: