Главная Новости Alstom Қазақстанның 4 өңірінде электровоз өндірісін ашады
13 наурыз 2023, 09:20 1331

Alstom Қазақстанның 4 өңірінде электровоз өндірісін ашады

Alstom Қазақстанның 4 өңірінде электровоз өндірісін ашады

Темір жол көліктері өндірісімен айналысатын француздық компания еліміздің екі қаласы мен екі облысында электровоздар мен жылжымалы құрамға арналған жабдықтар, теміржол көлігі инфрақұрылымын өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету өндіріс орнын ашады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлады Rail-news.kz.

Роман Василенконың айтуынша, «Alstom» компаниясы Астана, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында электровоз шығарып, оларға қызмет көрсететін өндіріс орнын ашуды жоспарлап отыр. Оған қоса, бұл жобаны іске қосу барысында жергілікті мыңдаған маманды дайындау қажет болады.  

Айта кету керек, өткен жылдың қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Alstom Transport SA» АҚ арасында бірқатар келісімге қол қойылған болатын.

Құжатқа сәйкес, Alstom компаниясы 2023-2029 жылдар кезеңінде қазақстандық зауытта ЭҚЗ электровоз шығарады және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін 245 электровоз жеткізіп береді. Төрт өңірде ашылғалы отырған өндірістік жобаларды жүзеге асыруға «Alstom» 50 миллион еуро шамасында инвестиция салуды көздеп отыр. Бұл еліміздегі электровоздардың қазіргі тапшылығы мәселесін шешеді және қазақстандық жүк жөнелтушілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік бермек.

Брифинг барысында Роман Василенко былтыр Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 27,6%-ға өсіп, 40 млрд долларға жеткенін атап өтті.

«Қазақстан «екінші буын» келісіміне – ЕО және оған мүше мемлекеттермен кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған және оны ратификациялаған аймақтағы жалғыз ел болып қала береді. Бұл ретте Қазақстан өткен жылы сирек кездесетін металдар, «жасыл» сутегі, аккумуляторлар, көлік-логистикалық әлеуетті дамыту, сондай-ақ тауарларды жеткізу тізбегін әртараптандыру сияқты жаңа салаларда ынтымақтастық орнатты», – деді Роман Василенко.

Сонымен қатар ол Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі жұмыстар қалай жүріп жатқанына тоқталды.

«Кейінгі уақытта біздің азаматтарымыз Транскаспий халықаралық көлік бағыты туралы жиі естіп жүргені белгілі. Оны дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Осы жылдың мамыр айында Алматыдағы Орталық Азия - Еуропалық одақ екінші экономикалық форумы аясында Еуропалық қайта құру және даму банкінің Транскаспий халықаралық көлік бағытын бағалау бойынша зерттеу қорытындыларының тұсаукесері күтілуде. Содан кейін Еуропалық одақпен және басқа да мүдделі серіктестермен бірлескен жобаларды дереу іске асырамыз деп үміттенеміз», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: