Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атақты палуан Әбілсейіт Айхановтың немересі, "Қазақтелеком" компаниясының қызметкері Сеулсейіт Айханов Нұрсұлтанда күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында грэпплингтен қола жүлдеге ие болды. Айтпақшы бірден қызық жайттан келтіре кетейік, атасы оның есімін Сеул олимпиадасының құрметіне қойыпты.
Сеулсейіт дүбірлі додағаТашкент қаласында осы грэпплингтен Азия чемпионатында жеңіске жеткен соң үзіліссіз талмай тер төгіп дайындалған екен. Оған дейін Мәскеуде джиу-джитсуден үшінші орын алған.
Ал спортшыға өзінің төл жұмыс орны "Қазақтелеком" компаниясы жауапты шараға алаңсыз әзірлік үшін барлық жағдайды қамтамасыз еткен. Кейіпкеріміз, әсіресе, тікелей басшысы Тимур Құдайбердиевке ерекше алғыс айтады.
Осы орайда, елордадағы жарыста қолаға қол жеткізу оңайға соқпаған. Әсіресе, соңғы жекпе-жек нағыз жан алысып, жан беріскен қызу айқасқа ұласқан. Бірақ Сеулсейіт соңғы 15 секундта тәуекелге бел буып, төрешілер батыл шабуылдаған палуанды 8:4 есебімен жеңіске лайық деп шешкен.
"Бәлкім көбірек дайындалғанда бас жүлдені еншілер ме едім. Алайда уақыт тығыз, Азия чемпионатынан шаршағаным сезілді. Оның үстіне, әдетте грэпплинг сайыстарында кез-келген ниет танытушы өз салмағы мен жасына қарай қатыса беретін болса, бұл чемпионатта әр елден қатаң іріктелген сайдың тасындай 1 спортшыдан ғана бақ сынады. Осылайша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар анықталды", - дейді Сеулсейіт Айханов.



10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы