Главная Новости Алтыналмаста – жаңа диспетчерлік орталық
09 қараша 2020, 09:29 884

Алтыналмаста – жаңа диспетчерлік орталық

Алтыналмаста – жаңа диспетчерлік орталық

«Алтыналмас АК» АҚ Қарағанды облысындағы «Ақтоғай» жобасында «Цифрлық кеніш» жобасы аясында салынған жаңа диспетчерлік орталықты іске қосты.

Диспетчерлік орталық 24 орындық оқу сыныбын, 45 орындық көрсетілім залын, диспетчерлерге арналған ахуалдық орталықты және бейнебақылау операторларының залын қамтиды.

Орталықта ең жаңа аудио және бейне технологиялары қолданылған. Әрбір зал жұмысшылардың еңбек тиімділігін арттыру үшін бейнеқабырғалармен немесе интерактивті дисплейлермен жабдықталған.

Жаңа орталықтың көрсетілім залында 4К форматты бейнежазба көрсету мүмкіндігі бар 6х2 метрлік  бейнеқабырға, сондай-ақ Android және Windows базасында көлемі 86 дюймдік интерактивті дисплей орнатылған. Шешімде әмбебап коммутация және бейне мен дыбысты кез келген құрылғыдан шығару, оның ішінде – экранды кез келген құрылғыдан бейнеқабырғаға немесе дисплейге көрсетуге мүмкіндік беретін контентті сымсыз беру мүмкіндігі қолданылған.

Келушілердің ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін орталық планшеттен немесе қызметкерлердің жұмыс компьютерлерінен барлық залдарды ақылды басқару функциясымен жабдықталған. Жүйе диспетчерлік орталықтың барлық кіші жүйелерін, атап айтқанда жарық топтарын, акустикалық жүйені, бейне көздер жүйесін, бейнеқабырғаларды, бақылаушыларды басқаруға, кіші жүйелерді қосуға және өшіруге мүмкіндік береді.

Диспетчерлік орталық Datamine, Mineadvisor және Minevision тау-кен геологиялық кешені жүйелерін басқару, сондай-ақ Wenco жүйесін, IntelliSense жүйелерін және ҰжАНҚБК диспетчерлеу пунктінің функцияларын орындайды.

Алтыналмас өндірістік нысандарын жаңарту шеңберінде осы іспетті диспетчерлік орталықтарды «Ақбақай» және «Ақсу» жобаларында іске-қосуды жоспарлап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: