Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Александр Жабчук
2023 жылдың жеті айында Алтынкөл – Қорғас шекара өткелі арқылы 7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30% жоғары, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Экспорттық қатынаста жүк тасымалдау көлемі 24%, яғни 1,9 млн тоннаға дейін өсті. Алтынкөл станциясы арқылы ҚХР-дан халық тұтынатын тауарлар, металдар, химикаттар, машина жабдықтары, құрылыс материалдары және басқалар келіп түсуде.
Жалпы, Алтынкөл – Қорғас пен Достық – Алашаңқай түйісулерден елдер арасындағы темір жол көлігімен тасымалдау көлемі 16,2 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% артық.
Екі елдің шекара маңы станциялары ұжымдарының бірлескен шаралары мен үйлесімді жұмысы Қытаймен шекара өткелдері арқылы теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал етеді.
Алтынкөл теміржол станциясы Алматы облысында қазақстан-қытай шекарасында орналасқан. Осы жерден Қытайдан Еуропаға, Парсы шығанағы еліне, Орталық Азияға, Кавказға жүк ағыны өтеді.
Алтынкөл – Достық станциясынан кейінгі екінші қазақстан-қытай теміржол өткелі. Мұнда жүк және контейнерлік пойыздарды қабылдау және жөнелту жүзеге асырылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
64
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
69
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы