Главная Новости АМӨЗ 9 айда 4,2 млн тоннаға жуық мұнай өңдеді
12 қазан 2022, 08:17 1353

АМӨЗ 9 айда 4,2 млн тоннаға жуық мұнай өңдеді

АМӨЗ 9 айда 4,2 млн тоннаға жуық мұнай өңдеді

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен Атырау мұнай өңдеу зауытына барып, жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспарлы-алдын алу жөндеу кестесіне сәйкес 2022 жылғы 1 қазанда Атырау МӨЗ-де жөндеу-профилактикалық жұмыстары басталған болатын. Алғаш рет зауытта барлық технологиялық құрылғыларды жөндеу кезекпен жүргізілуде. Бұл мұнай өнімдері өндірісін тоқтатпауға мүмкіндік береді. Жөндеудің мұндай тәсілі Қазақстандағы мұнай өңдеу кәсіпорындарында бұрын-соңды қолданылмаған.

Жиын барысында АМӨЗ бас директоры Мұрат Досмұратов атап өткендей, осы жылдың 9 айында зауыт 4,2 млн тоннаға жуық мұнай өңдеп, жоспарлы көлемнен 112 мың тоннаға асып түсті. Бұл ретте 1 млн тоннадан астам автобензин, 1,2 млн тонна дизель отыны, 114 мың тонна авиаотын және басқа да мұнай өнімдері шығарылды.

«Былтыр Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеуге тоқтаған жоқ және бір жыл ішінде өңделген мұнай көлемі рекордтық көрсеткішке жетті. Биылғы жөндеу жұмыстары зауытты толық тоқтатпастан жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз, зауыт 50-70% қуатында жанар-жағармай шығарып, тиеп-жөнелтіп отыр. Зауыт өндірістік жоспарды толық орындайды деп күтеміз», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар жиында зауытты электр қуатымен қамтамасыз ету тұрақтылығын арттыру мәселесі, «Tazalyq» жобасын іске асыру, зауыттың Теңіз мұнайын өңдеу мүмкіндігі қаралып, цифрландыру жобалары бойынша есеп тыңдалды.

Жұмыс кездесуінен кейін «ҚазМұнайГаз» басшысы бірқатар тапсырма берді, соның ішінде АМӨЗ-де жоспарланған жөндеу жұмыстарының сапалы әрі дер кезінде аяқталуын қамтамасыз ету, цифрландыру және автоматтандыру жобаларын іске асыруды жалғастыру. Зауытты электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етудің маңызды екеніне ерекше ден қойылды, осыған байланысты зауыт басшылығына АМӨЗ-ді электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету үшін «KEGOC» акционерлік қоғамымен бірге іс-шаралар жоспарының орындалуын жалғастыру жүктелді.

Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев сапар барысында біріккен газ-химия кешеніне барып, полипропилен өндіретін зауыттың іске қосу-реттеу жұмыстарының жайымен танысты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: