Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: ашық дереккөзден
Атырау мұнай өңдеу зауыты еуропалық нарыққа 1827 тонна көлемінде К5 экологиялық сыныпты этилденбеген Аи-92 бензинінің бірінші партиясын жөнелтуді бастады. Бұл туралы зауыттың қоғаммен байланыс қызметі хабарлайды.
ҚР Энергетика министрлігі қараша айында аталған мұнай өнімінің экспортына "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС тарапына 35 606 тонна көлемінде квота бөліп отыр. Бұл еліміз үшін ағымдағы айдағы ең ірі партия саналады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 2011 жылдан бастап ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салынған болатын. Осылайша, Атырау мұнай өңдеу зауыты ең танымал бензин маркасын шетелге жөнелтуді қайта бастады. Бұл ретте өзінің жоғары сапасының арқасында АМӨЗ отыны Еуропа елдерінде сұранысқа ие болуда.
Сарапшылар, Еуразиялық экономикалық одақтан тыс жерлерде К5 сыныпты бензинді өткізу нарықтарының ашылуы, АМӨЗ-де мұнай өнімдерінің сапасын жақсартудың және олардың өндірісін жалпы ұлғайтудың арқасында мүмкін болғанын айтуда. Бұған, мысалға, зауытты ауқымды жаңғырту кезеңінде салынған мұнайды терең өңдеу кешенінің жаңа технологиялық қондырғыларын іске қосу себеп.
2019 жылдың 10 айында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС ішкі нарыққа шамамен 970 000 мың тонна жоғары октанды автобензин жөнелтті. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 102% көрсеткішті құрайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
27
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде