Главная Новости АМӨЗ Amanat бастауыш партия ұйымынан сайланған мәслихат депутаты есеп берді
03 ақпан 2023, 11:30 1259

АМӨЗ Amanat бастауыш партия ұйымынан сайланған мәслихат депутаты есеп берді

АМӨЗ Amanat бастауыш партия ұйымынан сайланған мәслихат депутаты есеп берді

Атырау мұнай өңдеу зауытында Amanat бастауыш партия ұйымының биылғы жылдағы алғашқы жиналысы өтті. Зауыттықтар алдында «АМӨЗ» ЖШС партия ұйымының мүшесі, 7-ші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаты Бексұлтан Дүйсенғұл екі жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Жас депутат алдымен жиналғандарды 2021-2022 жылдар аралығында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесімен таныстырды. Ол әсіресе Жайық өзенінің экологиялық жағдайы мен қаладағы ауа сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстарға кеңінен тоқталды.

«Булану алаңында тазалау ғимараттарын салу үшін бюджеттен қаражат бөлінуіне атсалыстым. Қаламыздағы әрбір тұрғын Жайық өзені үшін алаңдаулы. Бұл мәселені депутаттық корпуспен бірлесіп мәжіліске, министрлікке жеткіздік. Қазіргі кезде Жайықтың гидрологиялық режимін жақсарту үшін жұмыстар жасалынуда»,- деді Бексұлтан Дүйсенғұл.

Сөз алған қоғаммен байланыс, мемлекеттік органдармен, мердігерлік ұйымдармен жұмыс және әкімшілік мәселелер жөніндегі департамент директоры Серік Арыстан жиналғандарды 19 наурызға жоспарланған мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау науқанына белсенді қатысып, елдің болашағы үшін таңдау жасауға шақырды.

«Сайлау мажоритарлық деңгейде өтеді. Яғни әр адам немесе қоғамдық бірлестіктер өзін-өзі ұсыну арқылы сайлауға түседі. Қазақтың аса көрнекті ағартушысы Міржақып Дулатов «Жақсы болу үшін депутат болу шарт емес, депутат болу үшін жақсы болу шарт», - деген екен. Сондықтан елдің қамы мен жағдайын ойлайтын, болашақтың жарқын болуы үшін еңбек ететін азаматтарға дауыс берейік», - деді ол.

Ал «АМӨЗ» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрайымы Бақыт  Өтебалы зауыттықтардың арасында депутат атанып, Бексұлтан Дүйсенғұлдың бастамаларын жалғастырамын деушілерге партия әрдайым қолдау көрсететінін айтты.
Жиын соңында Серік Арыстан, Бақыт Өтебалы, Бексұлтан Дүйсенғұл мен АМӨЗ-дің мұнайды өңдеу және күкіртсіздендіру процестері бойынша атқарушы директор Асқар Ермышев Amanat партиясы Атырау қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар ретінде сайланды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: