Главная Новости АМӨЗ-дегі Tazalyq экожобасы. Іске асыру кезеңдері
05 шілде 2024, 09:30 580

АМӨЗ-дегі Tazalyq экожобасы. Іске асыру кезеңдері

АМӨЗ-дегі Tazalyq экожобасы. Іске асыру кезеңдері

2019 жылдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) тазалау тиімділігін арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған Tazalyq жобасы іске асырылуда. Жоба шеңберінде ескі МТҚ (механикалық тазарту қондырғылары) жаңғырту, нормативтік тазартылған ағындар арнасын реконструкциялау және булану алаңдарын рекультивациялау көзделген. Жобаны Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) қаржыландырады.

Кіші жоба: «Атырау МӨЗ-де ағынды суларды механикалық тазарту қондырғыларын орнатуды қайта жаңарту» (МТҚ).

Кіші жоба МТҚ өнімділігін сағатына 1000 текше метрге дейін арттыруды, тазартылған сарқынды сулардағы зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) нормативтерін сақтауды (25 мг/л-ден аспайтын мұнай өнімдері мен 40 мг/л-ден аспайтын өлшенген заттар), мұнай шламдарының көлемін азайтуды және беті ашық ыдыстарды жоюды көздейді.

Кіші жобаның бірінші кезеңі ‒ МТҚ қондырғысын қайта құру 2023 жылдың соңында аяқталды. МТҚ модернизациясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды: жағымсыз иістің көзі болып табылатын НГХӘ (Натрий гипохлориті немесе хлорлы әк) өндірісінің ғимараты, ашық типтегі қосымша тұндыру тоғандары, құбырлар мен кабельдік эстакадалар, әр түрлі жерасты және жер үсті құбырлары және басқа да коммуникациялар бөлшектелді.

Келесі нысандар да салынды: артық ылғалды кетіру арқылы ағынды суларды тазарту процесін жақсартуға көмектесетін механикалық сусыздандыру ғимараты. Мысалы, реагенттердің (бейорганикалық немесе органикалық) көмегімен сазды тұнба кондиционерленіп, содан кейін бұрандалы центрифугаларда бұл тұнба центрифугалық күштің әсерінен ротордың қабырғасына лақтырылады, ал механизмдер сүзілген тұнбаны шығару үшін жылжытады. Мұнай шламына арналған резервуарлар: мұнай шламын жинауға және уақытша сақтауға арналған 100 текше метрлік екі тік болат резервуар.

Екі сорғы станциясы: олар ағынды сулар мен мұнай шламын айдауды қамтамасыз етеді. Құммен тұндырғыш: шөгу процесінде қатты бөлшектер (құм, саз және басқа механикалық қоспалар) торлар мен сүзгілердің көмегі арқылы мұнайдан бөлініп, тұндырғыштың түбіне шөгеді. Алынған мұнайдың сыйымдылығы (30 текше метр): мұнда тазарту процесінде алынған мұнай жиналады. Түзілген мұнай резервуары (1000 текше метр): бұл түзілген мұнайды уақытша сақтауға арналған үлкен резервуар. Қолданыстағы ғимараттың аппараттық құралы: аппараттық құрал жабдықтың жұмысы туралы деректерді жинайды, тазарту процестерінің параметрлерін бақылайды және операторларға осы мәліметтер негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Құм сепараторы: ағынды сулардағы құмды тазалау үшін қолданылады. Трансформаторлық қосалқы станция және көбікті сөндіру блогы: бұл қондырғылар электр қуатын және нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, бөлшектеу жұмыстары жүргізілді: екі қосымша тұну тоғаны (ҚТТ) және апаттық амбар жабылады немесе жойылады. Бұл шаралар қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерді азайтудағы маңызды қадамдар.

Сонымен бірге кіші жобаның екінші кезеңі де аяқталды. Нысанды қабылдау актісіне 2024 жылдың мамыр айының соңында қол қойылды. Осы кезеңде қосымша тұндырылған үшінші тоған, құм аулары мен мұнай бөлгіш те бөлшектелді. Екі орташа резервуар (әрқайсысы 5 мың текше метр), сорғы станциясының ғимараты, өздігінен жуылатын сүзгілер мен флотаторлар алаңы салынды. Тиімділіктің 96% құрайтын ағынды суларды тазарту сапасы жобалық көрсеткішке жетті (25 мг/л мұнай өнімінен аспайды). Жабық типтегі МТҚ салу кезінде заманауи технологиялық процестер мен шығарындыларды реттеу жүйелері енгізілгенін де айта кету керек. Бұл атмосфераға зиянды заттардың бөлінуін толығымен жоюға мүмкіндік беретін, жоғары сапалы ағынды суларды тазартуды қамтамасыз етуде қойылатын қажетті талап.

«Нормативті тазартылған ағындар арнасын реконструкциялау және булану алаңдарын рекультивациялау» кіші жобасы

Ауданы 860 га болатын булану алаңдары Атырау қаласының атмосфералық ауасына, сондай-ақ жер асты суларына, флора мен фаунаға теріс әсер етті. Осы кіші жобаны іске асырудың арқасында нормативтік-тазартылған ағындардың ашық топырақ алаңы толығымен жойылды. Ал оның орнына ағымдағы жылдың басында АМӨЗ-ден Атырау қаласына дейін нормативтік тазартылған ағындардың негізгі каналына (НТАНК) дейін ұзындығы 4,6 км болатын екі полиэтилен құбыры салынды. Сондай-ақ 2024 жылдың қаңтарына дейін 1-ші және 2-ші секторларға (431 га) бөлінген булану алаңдары да толығымен құрғатылып және қалпына келтірілген.

3-ші және 4-ші секторларды дренаждау және рекультивациялау жұмыстары АМӨЗ ағынды суларын Атырау қаласының НТАНК арқылы ағызуға рұқсат алғаннан кейін басталады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: