Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жақында өткен жоспарлы-алдын алу жұмыстары кезінде Атырау мұнай өңдеу зауытының ЭЛОУ АТ-2 технологиялық қондырғысының пештерінде ескірген 36 дана жанарғы ауыстырылды.
Іс-шара «Қазмұнайгаз» АҚ ҰҚ-ның 2022 – 2031 жылдарға арналған төмен көміртекті даму Бағдарламасына сәйкес пештерді техникалық қайта жарақтандыру жобасы аясында іске асырылды.
Тұтану жүйесімен және жалынды өшіру датчиктерімен жабдықталған жаңа жанарғыларды итальяндық International Compbustion Equipment S.r.l компаниясы АМӨЗ-дің тапсырысымен дайындады.
Жанарғыларды жаңартудан бөлек құрылыс-монтаждау жұмыстары аясында шығын өлшегіштерді ауыстыру, электрмен басқарылатын сұқпажапқыштарды орнату, газ тазарту сүзгілерін, қосымша клапандар, түтін газдарындағы оттегі құрамын талдағыштар, түтін сорғыштардың қозғалтқыштарындағы жиілікті реттегіштерді монтаждау жұмыстары жасалды.
ЭЛОУ АТ-2 қондырғысының операторлары жаңа жанарғыларды іске қосу және пайдалану негіздері бойынша теориялық дайындықтан өтті, ал қондырғыны іске қосу кезінде оларға құрылғыны тұтандыру бойынша қосымша дәріс берілді. Сондай-ақ операторларға жанарғыны пайдалану кезінде орын алуы мүмкін ауытқулар және тәуекелдерді мейлінше азайту үшін қажетті шаралар туралы айтылды.
Энерготиімділік жөніндегі бас маман Сергей Шумиловтың айтуынша, пештерді техникалық қайта жарақтандыру жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде тиімді жану есебінен пештерде отын шығынын төмендетуге, түтін газдарымен бірге атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың көлемін азайтуға және пештердің түтін сорғыштарында электр энергиясын үнемдеуге болады.
Қазіргі кезде жобаның энергия тиімділігін растау және бағалау мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақ жүргізілуде.
86
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
286
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
125
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету