Главная Новости АМӨЗ тәулігіне 800 тонна газ өндіреді
10 қараша 2022, 15:08 1189

АМӨЗ тәулігіне 800 тонна газ өндіреді

АМӨЗ тәулігіне 800 тонна газ өндіреді

Бүгінгі таңда Атырау облысында 30 отын жеткізушіден 96 автогаз құю станциясы бар. Энергетика министрлігінің хатына сәйкес, Атырау облысына тұтынушылар үшін ішкі нарыққа Атырау мұнай өңдеу зауытынан 5 744 тонна газ жеткізіледі. Алайда, АМӨЗ-де жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты қазіргі уақытта газ жеткізу 35%-ға қысқарды және зауыттан жеткізілетін газ мөлшері - 3 785,161 тонна, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кету керек, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде АМӨЗ тәулігіне 90 тонна газ жеткізсе, 6 қарашадан бастап бұл көрсеткіш 60 тонна болды. Бұл автогаз құю станциясында газ тапшылығына себеп болды. «АМӨЗ» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес, қараша айының аяғына қарай, яғни 19-25 аралығыңда болжамды газ өндірісі тәулігіне 800 тоннаны құрайтын болады. 

Газ жеткізу жағдайын тұрақтандыру үшін жергілікті атқарушы органдар Энергетика министрлігімен бірлесіп өңірге көршілес Ақтөбе облысынан жеткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Gas Processing» компаниясынан 400 тонна және «Қазақойл Ақтөбе» компаниясынан 700 тонна газ жеткізу жоспарлануда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: