Главная Новости «АМӨЗ тағылымгері» бағдарламасының 16 қатысушысы жұмысқа қабылданды
17 сәуір 2024, 10:01 226

«АМӨЗ тағылымгері» бағдарламасының 16 қатысушысы жұмысқа қабылданды

«АМӨЗ тағылымгері» бағдарламасының 16 қатысушысы жұмысқа қабылданды

Жобаға ҚР және РФ колледждері және жоғары оқу орындарының 60 түлегі қатысып жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауыты мен АРЕС Training Center оқу орталығы бірге іске асырып жатқан оқу бағдарламасы былтыр қазан айында басталды. Жобаға ҚР және РФ колледждері және жоғары оқу орындарының 60 түлегі қатысып жатыр. Жуырда олардың білімі мен тәжірибелік дағдылары тексеріліп, түлектермен сұхбат жүргізілді. Нәтижесінде 10 технологиялық қондырғы операторы, 4 машинист және 2 аспапшы кәсіпорынға жұмысқа қабылданды.

«Көкшетау қаласынан келдім. 2023 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетін «органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша аяқтадым. Бағдарламаға қатысу арқылы тәжірибелі инструкторлардың көмегімен өз білімімді толықтыруға мүмкіндік алдым. Сәуір айынан бастап зауытқа жұмысқа қабылдандым. Өз ісінің нағыз маманы болу үшін бар күш-жігерімді саламын. Болашақта мұнай-химия саласын терең зерттеп, оның Қазақстанда дамуына үлес қосқым келеді», – дейді зауыттың ароматикалық көмірсутек өндіретін технологиялық қондырғының операторы, жас маман Ахат Каиргельдинов.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: