Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» АҚ-да майталман мұнайшының құрметіне салтанатты шара өтті.
Қазақ КСР Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері, Атырау,Жаңаөзен қалаларының, Атырау облысы Жылыой және Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы Махамбет Батырбаевтың мерейлі 80 жасқа толуына арналған шараға еліміздің ардагер мұнайшылары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Бас компанияның еншілес мекемелерінің басшылығы, «Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы қатысты.

Мерейтойға шақырылған қонақтар, соның ішінде еліміздің мұнай-газ саласында ұзақ жылдар үзеңгілес еңбек еткен аға буын кешегі күндердегі жылы естеліктерге тоқталып, Махамбет Демешұлының ел экономикасын өркендету жолындағы табыспен өрілген еңбек жолдарына алғыстарын білдірді.
Ембіліктер мерей жас иесіне ыстық ықыластарын арнай отырып, құрметпен иығына шапан жапты.

Салтанатты шарада мерейжастың өмір жолына арналған деректі фильм көрсетіліп, мерекелік концерттік бағдарлама жұртшылықтың назарына ұсынылды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
52
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы