Главная Новости Ардагер тілегі – ел мен жердің амандығы, бірлігі мен берекесі
09 мамыр 2021, 10:13 1700

Ардагер тілегі – ел мен жердің амандығы, бірлігі мен берекесі

Ардагер тілегі – ел мен жердің амандығы, бірлігі мен берекесі

«Ембімұнайгаз» АҚ жас мамандары Компания ұжымы атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Ажар Оразғалиеваның үйіне барып, Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ, ақшалай қолдау көрсетті.

Жауынгер-ардагер қазір Ақтөбе қаласында тұрады.

Ажар Оразғалиева – Атырау өңірінен өздері сұранып соғысқа аттанған 17 қыздың бірі. 18 жасар өрімдей қыз әуедегі жау самолеттерін жоюға арналған «Зенит» артиллериясының зеңбірек нысанашысы болып, әуе шабуылдарына тойтарыс беруге қатысқан. Зенитпен атқылап, фашистердің ұшақтарын құлатқан уақыттары да жадында мәңгі сақталған. Кеңес әскеріне зымыранмен атқылап, жол ашып отырған Ажар Оразғалиеваның тобы Курск доғасындағы қан майданнан Берлинге дейін жетті.

Ел басына күн туған шақта қолындағы кестесін сұр қаруға айырбастаған Ажар әже батыр атағын алу үшін емес, Отанды қорғау үшін ажалға қасқайып қарсы тұрды. Жанталаса жауды ығыстыра отырып, Жеңіс күнін жақындата түсірді.

Ауыр жараланғаннан кейін де жауынгер майдан даласын тастап кеткен жоқ. Ес жинап, бойын тіктеген соң қайта соғысқа араласты. Румынияға барып, 1945 жылы Берлинге бағыт алды. Сол жерде Жеңіс туының тігілгенін көріп, қуаныш мерекесін тойлады.

Елге аман-есен оралған соң, «Доссормұнайгаз» МГӨБ-не есепші болып жұмысқа орналасты. Кейін отбасы жағдайына байланысты Сағыз поселкесіне көшіп, ОРС мекемесіне дүкенші жетекшісі болып қызмет етеді. Ал, 1974 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Майданда ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, бүгінде 99 жасқа қараған Ажар әжейдің ендігі тілегі – ел мен жердің амандығы, бірлігі мен берекесі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: