Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2023 жылдың 14 сәуірінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жанынан Еңбек ардагерлері қоғамдық бірлестігі құрылды. Бұл маңызды бастама – мұнай саласының ардагерлерін әлеуметтік қолдауға және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған айрықша қадам.
Бірлестіктің негізін қалап, оның бастамашысы болған – мұнай саласында ұзақ жылдар талмай еңбек еткен тәжірибелі маман, құрметті ардагер Ахметов Тұрарбек Халиоллаұлы. Ол «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында 40 жылдан астам уақыт қызмет атқарып, мұнай өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосты. Өз ісіне адал және жауапты тұлға ретінде ол ардагерлердің құқықтары мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған игі істердің ұйытқысы болды. Ахметов мырзаның ұсынысы – ардагерлердің өмір сүру сапасын арттырып, олардың мүддесін қорғауға арналған жаңа кезеңнің бастауы болды.
Ардагерлердің үнін жеткізген хат
2022 жылдың қыркүйегінде Ахметов Тұрарбек ардагерлердің басын қосып, олардың мүддесін қорғайтын хат дайындауға бастамашы болды. Бұл хатқа 187 зейнеткер қол қойып, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығына, сондай-ақ облыс әкімдігіне жолданды. Хатта зейнеткерлердің әлеуметтік төлемдерін арттыру, мерекелік сыйақылар көлемін көбейту сынды өзекті мәселелер көтерілді. Бастамашылардың табанды еңбегі босқа кетпей, 2023 жылы зейнеткерлердің өтініштері ескеріліп, ұжымдық келісім-шартқа бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда:
Бұл оң өзгерістер үшін ардагерлер ұйымы «Маңғыстаумұнайгаз» басшылығына алғыс білдірді.
Әлеуметтік қолдаудың айқын көрінісі
Бірлестік өз жұмысын бастағалы бері көпетеген іс-шараға мұрындық болды. Соның ішінде – Жетібай кен орнында алғашқы мұнай көзін ашқан Социалистік Еңбек Ері Салық Расқалиұлына арналған ескерткіш-тақтаның орнатылуы. Бұл шараға «Маңғыстаумұнайгаз» басшылығы мен Салық Расқалиұлының ұрпақтары қатысып, тарихи тұлғаның еңбегі дәріптелді. Сонымен қатар, бірлестік мүшелері науқас ардагерлерге дәрі-дәрмек алуға қаржылай көмек көрсетіп, тұрмыстық жағдайы төмен зейнеткерлерге қолдау ұйымдастырды. 2023 жылы 25 мұқтаж зейнеткерге материалдық көмек берілді. Қарттар күніне орай, 500 ардагерге арналған үлкен мерекелік кеш ұйымдастырылып, оларға ерекше құрмет көрсетілді. Шара барысында Қазақ мұнайының 125 жылдығына арналған төсбелгілер табысталып, сый-сияпат жасалды.
Жетістіктер мен алдағы мақсаттар
Еңбек ардагерлері қоғамдық бірлестігі зейнеткерлердің мүддесін қорғау мен әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек етуде. Ұйым алға қойған жоспарларын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Бұл бірлестіктің қызметі – ардагерлерге деген құрмет пен қамқорлықтың жарқын үлгісі. Ардагерлерге көрсетілген қамқорлық – олардың өлшеусіз еңбегінің лайықты бағасы.