Главная Новости «Арманыңды мақсатқа айналдыр». Маңғыстасуда мұнайшыларға арналған тренинг өтті
15 қараша 2022, 10:25 992

«Арманыңды мақсатқа айналдыр». Маңғыстасуда мұнайшыларға арналған тренинг өтті

«Арманыңды мақсатқа айналдыр». Маңғыстасуда мұнайшыларға арналған тренинг өтті

«Риза Ана» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлеріне арналған «Арманыңды мақсатқа айналдыр» атты тренинг өтті.

Кәсіби бизнес-тренер, Маңғыстау облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Шолпан Түсіпбекова дәріс беріп, отбасылық бюджетті қалай дұрыс басқару керек, кірістер мен шығыстардың есебін сауатты жүргізу және энергияны ысырап етпеу үшін қандай нәрселерге көбірек көңіл аудару деген сауалдарға жауап берді.

«Кездесудің мақсаты – арманды мақсатқа, қаржылық тәртіпке айналдыру. Әр адамның дерлік арманы бар, бірақ бәрі бірдей оны жүзеге асыра алмайды, осы орайда менің мақсатым – адамдарға өздерінің ішкі әлеуетін ашуға, өз мақсаттарын табуға жол көрсету», – дейді Шолпан Түсіпбекова.

Білікті маман тренингте қаржылық тәртіптің көптеген аспектілерін жеке өмірінен мысалдар келтіре отырып түсіндіріп, қателіктерден аулақ болудың жолдарын баяндады.

«Маған тренинг өте қатты ұнады, өзім үшін көптеген жаңа және пайдалы нәрселерді білдім. Шолпан Түсіпбековаға қызықты, танымдық тренинг үшін алғыс айтқым келеді», – дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кадр маманы Жанна Исмуханбетова.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: