Главная Новости Арнаулы киім тапсырудың автоматты жүйесі
16 маусым 2021, 08:27 2885

Арнаулы киім тапсырудың автоматты жүйесі

Арнаулы киім тапсырудың автоматты жүйесі

Ембіде арнаулы киім және жеке қорғаныс құралын тапсыру орталығы ашылды, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба өндірістік құрылымдық бөлімше – «Ембімұнайэнерго» басқармасының базасында пилоттық жүйеде іске қосылды. Жоба жеткізу мерзімін қысқарту, мұнайшыларға арналған арнайы киім мен басқа да жеке қорғаныс құралдарының сапасын арттыру мақсатын көздеп отыр.

Арнаулы киім және жеке қорғаныс құралын тапсыру орталығының ашылу рәсіміне компанияның топ-менеджерлері, өндірістік-құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен еңбекті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қорғау бөлімдерінің жетекшілері қатысты.

«Өндіріс қызметкерлері үшін өзекті мәселенің бірі – арнаулы киімдердің және қорғаныс құралдарының ыңғайлы және қауіпсіз болуы. Егер қауіпсіздік жоғары корпоративті стандарттар мен тігу және материалдарға қойылатын талаптарды қамтамасыз етсе, мұнайшыларды бұған дейін алаңдатып келген арнаулы киімнің дене өлшеміне сәйкес келмейтін мәселесі енді толық шешімін табады. Іске қосылып отырған жобаның нәтижесінде жұмысшылар өз дене өлшемдеріне сай арнаулы киімдермен қамтылады. Орталықтың тағы бір ерекшелігі – жүйе толық автоматтандырылған. Жұмысшының арнаулы киім және ЖҚҚ алған уақыты жүйеге тіркеліп, келесі алатын мерзімі SMS хабарландыру арқылы белгілі болады. Әрбір қызметкердің арнайы киімі жеке деректері бар штрих-кодпен таңбаланатын болады. Қазір жоба сынақтан өтіп жатыр. Өндірістік-құрылымдық бөлімшелердегі еңбекті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қорғау бөлімдерінің жетекшілерінің сауалдары-ұсыныстарына сай жоба әлі де толықтырылады», – дейді ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Қанатбек Қасымғалиев.

Сервис орталығына арналған экскурсия барысында салтанатты шараға қатысушылар оралықтың заманауи тұжырымдамасымен – ресепшн-тұрағы бар күту залымен, киім өлшейтін орындарымен, қойма және тігін цехы бар жұмыс аймағымен танысты. Қазіргі уақытта мердігер компания – «Тigin industry» ЖШС «Ембімұнайэнерго» басқармасының 540-қа жуық қызметкеріне қызмет көрсетуде.

«Пилоттық жоба шеңберінде енгізілетін бірыңғай кешенді жүйе кәсіпорынды ЖҚҚ қамтамасыз ету процестерін қамтуға және оңтайландыруға мүмкіндік береді. Егер бұрын арнайы киімді және аяқ киімді, ЖҚҚ жеткізу бойынша жұмыс схемасында 12 бизнес-процесс көзделсе, енді олардың саны 4-ке дейін қысқарды. Қазір SAP-пен синхрондалған және арнайы киімді есепке алу мен бақылауды жүргізуге және әрбір цех пен қызметкер бойынша кәсіпорынның қамтамасыз ету нормаларын бақылаудың, бухгалтерлік есептерді бақылаудың мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, әрбір қызметкердің дербес деректері бар жеке кабинетінің болуы да артықшылық болып табылады», – дейді «Тigin industry» ЖШС бас директоры Сергей Григориади.

Ашылу рәсімінен кейін шараға қатысушылар орталықтың алдағы уақыттағы жұмыстары туралы ойларын ортаға салды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: