Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көлік қызметкерлері күні қарсаңында біз сіздерді өмірін қиын да қызықты кәсіппен байланыстырған мамандармен таныстыруды жалғастырамыз. Қаражанбас кен орнындағы екі өндірістік базада 1 400-ден астам кәсіби білікті көлік қызметкері еңбек етеді. Олар вахта жұмысшыларын тасымалдау мен арнайы техника жөндеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірістің өркендеуіне елеулі үлес қосады.
Кез келген көп тонналы техниканың тілін табатындардың бірі – автоэлектрик Нұрғали Қанашов. №2 гараждың автоэлектригі көлік құралдарын жедел және сапалы түрде қалпына келтіреді. Өндірістің үздіксіздігін сақтау – әрбір мұнайшының міндеті. Сондықтан Нұрғали жауапкершілікті ерекше сезініп, күніне 10 бірлік арнайы техниканы қатарға қосады.
«Кез-келген техника уақыт өте келе бұзылады. Сондықтан біз мұндай жағдайға үнемі дайын боламыз. Мысалы, қыста кейбір машиналар оталмауы мүмкін немесе фарлар жанбай қалады, генератор істен шығады. Мұның бәрі менің қызметіме тікелей қатысты. Арнайы техника қайтадан қызметке кірісуі үшін тез арада жөндеуге тырысамын. Гаражымыз үлкен, кейде автобөлшектерге қатысты мәселелер туындайды. Басшылық оны уақытылы шешеді», – деді автоэлектрик.
Ал 25 жылдық еңбек өтілі бар автокран жүргізушісі Сәрсенбай Отарбаевты мұндай мәселелер алаңдатпайды. Себебі жақында ғана оған жаңғырту бағдарламасы аясында жаңа автокранның кілті табысталды. Сәрсенбай ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу бригадаларына өндірістік жабдықты тікелей жеткізуге жауапты. Сужаңа жүк краны кейіпкеріміздің жұмыс процесін айтарлықтай жеңілдетті.

«Біздің кен орнымыздың заманмен бірге дамығаны маңызды. Автопаркті жаңарту – бұл бірінші кезекте назар аударатын мәселе еді. Интеграциядан кейін оған ерекше көңіл бөліне бастады. Жыл соңына дейін тағы бірнеше ондаған жаңа арнайы техниканың қызметке кіріскенін күтіп жүрміз», – деп атап өтті Сәрсенбай Отарбаев.
Мамандардың үйлесімді жұмысы арқасында ҚБМ көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңғырып келеді. Мұнда инновациялық технологиялар енгізіліп, өндірістік міндеттер сәтті іске асырылуда. Сондықтан, маңызды бөлімшенің қызметкерлері ерекше құрметке лайық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы