Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының «Асар» кен орнында қуаттылығы 2х10 000 кВА болатын 35/6 кВ «Асар-1» жаңа қосалқы станциясы пайдалануға берілді
Жаңа қосалқы станцияны салу қажеттілігі «Асар» кен орнының электр энергиясына деген сұранысының артуымен байланысты болды. Бұған дейін кен орнын электрмен жабдықтау «МРЭК» АҚ-ның қуаттылығы 2х4000 кВА болатын 35/6 кВ қосалқы станциясы арқылы жүзеге асырылып келген. Алайда соңғы 10 жыл ішінде «Асар» кен орнында 149 мұнай өндіру ұңғымасының бұрғылануы электр желілеріне түсетін жүктемені айтарлықтай арттырды.
«Жетібаймұнайгаз» ӨБ-нің бас энергетигі Космұрат Абуовтың айтуынша, жаңа қосалқы станция заманауи жабдықтармен қамтылған және ең бастысы, құрылыс барысында отандық материалдар кеңінен қолданылған. Авариялық жағдайда айнымалы ток электр қабылдағыштарын үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін қуат көздері бойынша резервтеу қарастырылған, сондай-ақ секциялардың бірінде қорек жоғалған жағдайда автоматты түрде резервті қосатын секцияланған тарату құрылғылары орнатылған.
Аталған нысанның құрылыс жұмыстарына «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның білікті мамандарымен қатар, мердігер ұйым – «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС қызметкерлері де белсенді атсалысты.
Жаңа қосалқы станцияны іске қосу «Асар» кен орны аумағындағы мұнай өндіру нысандарының электр қуаты тапшылығы мәселесін толық шешуге мүмкіндік берді. Бұл, өз кезегінде, Қоғамның мұнай кәсіпшілігін одан әрі дамытуға бағытталған жоспарларын тиімді жүзеге асыруға нақты жағдай жасап отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!