Главная Новости Асхат Аймағамбетов: Жайлы мектептерді мемлекеттік ұйымның басқаруына беру керек
05 қыркүйек 2024, 15:43 287

Асхат Аймағамбетов: Жайлы мектептерді мемлекеттік ұйымның басқаруына беру керек

Асхат Аймағамбетов: Жайлы мектептерді мемлекеттік ұйымның басқаруына беру керек

Экс-білім министрі бұл үшін заңнамада "желілік мектептер" ұғымы енгізілгенін еске салды, деп жазды Информбюро порталы.

Мәжіліс депутаты, бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда ашылып жатқан жайлы мектептердің басқаратын орталық міндетті түрде мемлекеттік ұйым болуы керектігін айтты. 

"Президент жолдауында жайлы мектептерді басқаратын арнайы басқару жүйесін құру туралы тапсырма берілді. Бұл қазіргі жағдайда өте қажет шешім. Мұндай тәжірибе білім саласында бұрыннан бар және өзін жақсы жағынан көрсетті. Мысалы, Назарбаев зияткерлік мектептерін басқаратын "НЗМ басқармасы" және Білім инновациялары мектептерін басқаратын "Білім Орда" қоры бар. Олар тиімді жұмыс атқаруда", – деген Асхат Аймағамбетов осындай жүйе бойынша арнайы мемлекеттік ұйым жайлы мектептерді де басқаруы керек деген пікір айтты.

Мемлекеттік ұйым әдістемелік көмек көрсетіп, ұстаздармен жұмыс істеп, бағалау мен зерттеу жұмыстарын жүргізумен айналысады.

"Біз биыл заңға осы мақсатта желілік мектептер туралы ұғым енгіздік және бұл жұмысты заңдастыру бойынша біршама норма қабылдадық. Бірақ, басқаратын орталық мемлекеттік болуы тиіс. Кезінде, 2019 жылдан бастап, өңірлерде ашылған 50-ден астам IT лицейлер мен 20-дан астам гуманитарлық бағыттағы Абай мектептерін арнайы орталық арқылы басқару бойынша жұмысты бастадық, бірақ соңына дейін жеткізіп үлгермедім", – деп жазды мәжіліс депутаты.

Оның сөзінше, бұл шешім олардың жұмысын біріздендіріп, бағалау мен сапаны қамтамасыз ету, сондай-ақ бағдарламалар мен әдістемелік қолдау көрсету үшін тиімді болады. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: