Главная Новости Асхат Хасенов Ақтау битум зауытының қуатын кеңейту жобасына қатысты кеңес өткізді
06 қыркүйек 2024, 14:49 492

Асхат Хасенов Ақтау битум зауытының қуатын кеңейту жобасына қатысты кеңес өткізді

Асхат Хасенов Ақтау битум зауытының қуатын кеңейту жобасына қатысты кеңес өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысындағы «Caspi Bitum» БК ЖШС Ақтау битум зауытында болды. Жұмыс мәселелеріне арналған кеңесте зауыттың өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасы талқыланды. ЭЛОУ-АВТ қондырғысын жаңғырту жол битумы өндірісін жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Биыл қараша-желтоқсан айларында демонтаж жұмыстары басталып, кейіннен жаңа жабдық орнатылатын болады. Қазіргі уақытта зауыт өтініштер мен келісімшарттар бойынша жол-құрылыс компанияларын битуммен қамтамасыз етіп отыр.

Асхат Хасенов кәсіпорында жүргізілетін жұмыстарды 2025 жылы жол-құрылыс маусымы басталғанға дейін аяқтау маңызды екенін атап өтті.

Ақтау битум зауыты 2024 жылдың 8 айында 514 мың тоннаға жуық мұнай өңдеп, 192 мың тоннадан астам жол битумын өндірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: