Главная Новости Асхат Хасенов «Рожков» кен орнының өндірістік нысандарын аралады
13 қыркүйек 2024, 09:21 535

Асхат Хасенов «Рожков» кен орнының өндірістік нысандарын аралады

Асхат Хасенов «Рожков» кен орнының өндірістік нысандарын аралады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) қазіргі қызметіне қатысты кеңес өткізді. 

Аталған кәсіпорын 2023 жылдың соңында «Рожков» газ конденсатты кен орнында газ өндіре бастаған болатын. Жиында компания акционерлері кен орн операторының биылғы сегіз айындағы жұмысы туралы есебін тыңдады.

Сонымен қатар Асхат Хасенов газ өндіру қуатын арттыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқан УОГ-тың өндірістік нысандарымен танысты.

Қазіргі уақытта тәулігіне 1,37 млн текше метр көлемде газ өндіріледі. Жыл соңына дейін тәулігіне 1,5 млн текше метр газ өндіру деңгейіне шығу жоспарда. Бұл жыл сайын 500 млн текше метрден астам газ өндіруге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 115 мың тонна конденсат өндірілді. УОГ айына 6 мың тоннадан аса сұйытылған көмірсутек газын өндіріп жатыр. Бұл Батыс Қазақстан облысының қажетін қамтамасыз етіп қана қоймай, артылған мөлшерін еліміздің басқада өңірлеріне жеткізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын басшылығына газ өндіру көлемін жылына 1 млрд текше метр көрсеткішіне жеткізу үшін кен орнын игеру жобасының екінші кезеңін жеделдету тапсырылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: