Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ashyk Samruk» подкаст жобасының кезекті эфирі Қор компанияларындағы жастар саясаты мәселелерін қозғады.
Эфир қонақтары – Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративті басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Орынбасар Сеидов өз ой-пікірлерін айтып, Қордың жастар саясатын одан әрі жақсарту жолдарын талқылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративті басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың айтуынша, Қорға қарасты компанияларда жұмыс істейтін 250 мың адамның 80 мыңнан астамы, яғни үштен біріне жуығы – жастар. Сондықтан да Қорда жастардың тиімді еңбек етуіне, біліктілігін арттыруына, өсіп-дамуына – жалпы жастар саясатына айрықша мән беріледі.
Қор өкілі «Самұрық-Қазына» компанияларында жұмыс істейтін жастарды қолдау шараларынан бөлек, осы компаниялар қызметін жүзеге асыратын өңірлердегі жастарды қолдау бағытында қолға алынған шараларға да тоқталды. Мысалы, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Қордың қолдауымен кәсіби бағдар бойынша білім алған жоғары сынып оқушыларының бәрі де үздік мектеп пен колледжерде білім алып жатыр. 229 баланың 50-і оқуын iQanat мектебінде жалғастырса, қалғандары әр түрлі қалаларды колледждерге түскен. Ал оқу бітірген екеуі Қарағанды және Алматы қаласында қызметке орналасқан.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Орынбасар Сеидов жастар арасында спорттық шараларды жиірек ұйымдастыру қажеттігі туралы ойын айтты. 2023 жылғы Samruk Kazyna Cap футбол жарысын еске алған ол бұл шараға 5 мыңнан астам жастың жиналғанын ерекше атап өтті.
«Бұл Жаңаөзен жастарының футболға, жалпы спортқа кәдімгідей шөлдеп жүргенін көрсетті. Өйткені, мұндай деңгейдегі шара еліміз Тәуелсіздік алғалы бұл қалада өтпеген болатын», – деген ол жастардың энергиясын осындай бағыттарға бұру үшін спорт сайыстарын жиірек ұйымдастыруды ұсынды.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин өз кезегінде жастардың қызметте өсуіне жағдай жасауға, талантты жастарды көтермелеуге қатысты өз ойларымен бөлісті.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
121
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»