Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бағдарламасы аясында №145/146 «Нұрлы жол – Омбы» халықаралық бағытына RWS Wagon зауытының заманауи 45-үлгідегі вагондарын шығарды. Жаңартылған пойыз құрамы «Нұрлы жол» вокзалынан аптасына үш рет — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Пойыз құрамында жалпы сыйымдылығы 300-ден астам орынға есептелген 8 жаңа купелік және плацкартты вагон пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған арнайы орындар қарастырылған. Пойыз Астанадан сағат 19:40-та аттанып, Омбы вокзалына ертесіне сағат 08:18-де (Мәскеу уақытымен) жетеді. Кері бағытта Омбыдан сағат 12:07-де шығып, елордаға 04:48-де оралады. Жалпы жол жүру уақыты 14 сағат 53 минутты құрайды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жолаушылар вагондары паркін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл — компанияның стратегиялық басым бағыты. Бүгін жаңартылған құрам «Астана – Омбы» бағытына жолға шықты. Аталған өзгерістер халықаралық көлік қатынасын дамытуға жаңа серпін береді», — деп атап өтті, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов.
Жаңа 45-үлгідегі вагондар заманауи талаптарға толық сай келеді. Интерьері мерзімінен ерте тозуды болдырмайтын арнайы материалдардан жасалған, климат-бақылау және ауаны залалсыздандыру жүйелерімен, USB-порттармен және 220 В розеткаларымен, Wi-Fi желісімен,биодәретханалармен жабдықталған.
Вагондарда бейнебақылау және өрт сөндіру жүйелері, сондай-ақ, жылдың кез келген уақытында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін кондиционер жүйесі орнатылған. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аудиохабарлама, есіктерді жарықтандыру жүйелері, нәрестелерге арналған жөргек ауыстыру үстелдері және т.б. қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік, Астана – Омбы бағыты 2025 жылдың қысында тұрақты қатынасқа енгізілген.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!