Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көлік министрлігі отандық вагондар паркін жаңартуды жүйелі түрде жалғастыруда. Мәселен, «Астана – Семей» бағытында қатынайтын N121/122 жолаушылар пойызының құрамы жаңартылды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, «Арай Транс KZ» ЖШС жеке тасымалдаушысы үш жаңа жолаушылар вагонын сатып алған, екі плацкарт және бір купе.
«Вагондар ауаны баптау жүйесімен, био-дәретхана кешендерімен, USB коннекторы бар гаджеттерді зарядтауға арналған розеткалармен жабдықталған»,– делінген хабарламада.
Осы жылдың алғашқы тоғыз айында жеке тасымалдаушы 350 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады.