Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Астана-1 станциясының вокзалын қайта жаңарту кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанда шатырды, қасбетті, перронды және конкорс өткелін орнату жұмыстары жалғасуда, ішкі әрлеу жұмыстары, сондай-ақ кәріз, сумен, жылумен, электрмен жабдықтау, желдету және байланыс жүйелерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жұмыстарды ағымдағы жылдың қазан айында аяқтау жоспарлануда. Қайта жаңартудан кейін вокзалдың ауданы 500 шаршы метрге ұлғайып, 8,7 мың шаршы метрді құрайды. Бұл жолаушылардың жайлылығын арттыруға және өсіп келе жатқан жолаушылар ағынына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жаңартуға 255 маман және 12 бірлік құрылыс техникасы жұмылдырылған. Астана-1 станциясының вокзалы 1990 жылы салынған. Кейінгі жылдары тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жаңартудан кейін вокзал заманауи, қауіпсіз және жайлы болады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жаңа эскалаторлар, лифттер мен көтергіштер орнатылып, пандустар, ана мен бала бөлмелері, санитарлық бөлмелер мен күту аймақтары жабдықталады.
Мобильділігі төмен жолаушылар үшін кедергісіз орта жасалады, тактильді навигация және көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ақпараттық тақтайшалар орнатылады. Вокзалда заманауи бейнебақылау, өрт дабылы, жолаушыларға қол жетімдікті бақылау және хабарлау жүйелері енгізілуде. Жаңа LED-экрандар орнатылып, дауыстық ақпараттандыру жүйесі, жиһаз және технологиялық жабдықтар жаңартылуда.
Астана-1 вокзалын қайта жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Жоба елдегі 124 теміржол вокзалын жаңарту бағдарламасына кіреді, оның мақсаты вокзалдарды заманауи, қауіпсіз, қол жетімді және жолаушылар үшін ыңғайлы ету.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бағдарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және әкімдіктердің қолдауымен өз қаражаты есебінен іске асырады. Астана-1 станциясының жолаушылар ағыны 2026 жылдың жеті айында 1,8 млн адамнан асты. Оның ішінде 908 мыңнан астамы елордадан жолға шығып, 977 мыңнан астамы Астанаға келді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!