Главная Новости Астана әуежайы қысқартылған жұмыс кестесімен жұмыс істейді
16 маусым 2022, 13:19 1877

Астана әуежайы қысқартылған жұмыс кестесімен жұмыс істейді

Астана әуежайы қысқартылған жұмыс кестесімен жұмыс істейді

Мұндай жұмыс режимі 15 шілде мен 8 тамыз аралығына енгізілді.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы бір айға жуық уақыт қысқартылған режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында 2022 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында жергілікті уақыт бойынша 11:00-ден 18:00-ге дейін ұшып-қону жолағына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты әуежайдың жұмыс регламенті өзгереді. Жөндеу жұмысы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын жүргізіледі. Ол туралы шешім биыл ақпан айында қабылданды. Сонымен қатар қысқартылған жұмыс кестесі туралы ақпарат әуе компанияларға уақтылы жіберілді», делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ, хабарламада әуе компаниялардың қысқартылған жұмыс режиміне сәйкес рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгені айтылған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: