Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Мұқағали Қасқарбек
Елордалық бір топ оқушылар «Нұрлы жол» вокзалына экскурсияға барды. Зәулім вокзал кешенін аралап көріп, түрлі қызметтерінің ерекшеліктерімен танысқан оларға ең алдымен қауіпсіздік қағидаттары түсіндірілді.
Қаладағы мектептердің бірінде 6-сыныпта оқитын оқушылар үшін заманауи теміржол вокзалының ғимараты ерекше қызығушылық тудырды. 4-қабаттағы Күту залындағы теміржол картасы мен вокзалдың макеті жанында оларға вокзал кезекшілері жалпы ҚТЖ туралы ақпарат берді. Сонымен қатар манекенде тұрған теміржолшылардың жұмыс формасы, ондағы белгілердің мән-мағынасын түсіндірді. Одан әрі үлкен залға өтіп, анықтама бюросына келген балалар оның қызметімен танысып, билет кассаларында жолаушылардың қалай билет рәсімдеп жатқанын көзбен көрді. Бұдан соң оқушылар вокзалда пойыздардың келуі мен кетуін хабарлайтын дикторлық кеңсеге бас сұқты. Бұл жерде олар диктордың нұсқауымен арнайы мәтінді үш тілде өздері оқып көрді.

Балалар үшін бұл қызмет ерекше әсер қалдырды. Бұл сәт оларға үлкен эмоция сыйлағаны анық, өйткені олар вокзал дикторы болып көрді. Әрі қарай перронға шығып, теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерімен жан-жақты танысқан балалар теміржолшылармен бірге суретке түсіп, танымдық һәм тағлымдық әсері мол болған ерекше саяхатқа әбден риза болды.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтардың жылы деп жариялады. Біз балаларға вокзалға экскурсия ұйымдастырып, теміржол жұмысы мен мамандықтың маңыздылығы туралы, сонымен қатар қауіпсіздік қағидалары жайлы айтып беруді шештік. Экскурсия балаларға ұнады деген үміттеміз, – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.

Вокзал қызметкерлерінің қолдауымен ҚТЖ басшылығы осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.
– Біз ғылыми мектеп болғандықтан теміржол саласының да жұмысын балаларға көрсетуді мақсат еттік. Әрі менің сыныбымдағы бір баланың әкесі теміржолда істейді. Сол кісілер де бастама көтеріп, өзімнің сыныбымды әкеліп тұрмын. 17 бала Quantum Stem мектебінің 6-сыныбында оқиды. Бұл бастаманы мектептің басқа сыныптары үшін де ұйымдастыру өте пайдалы деп санаймын. Себебі оқушылар тек әнші, биші болуды ғана ойламай, теміржол сияқты үлкен салалардағы сан түрлі мамандықтарды да біліп, сол салаларға қызығушылығы болғаны жөн. Мәселен, бұл экскурсия барысында балалар еліміз бойынша күніне 700-дей жолаушылар пойыздары жүретінін, теміржолда машинист, кезекші, билет кассирі, вокзал дикторы, жолшы, вагон қараушы және басқа да мамандықтар бар екенін білді, – дейді елордадағы Quantum stem мектебінің сынып жетекшісі Ажар Аккисева.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
98
21 января 15:03
Еңбекпен келген жол: Әлібек Жолдасбектің кәсіби жолы