Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Райхан Рахметова
Астанада шағын футболдан «KAZLOGISTICS CUP» 2025 турнирі өтті. Еліміздің жетекші көлік және логистикалық компаниялары жеңімпаз кубогына таласқан жарысты Қазақстан көлікшілер кәсіподағы ұйымдастырды.
Спорттық бәсекеге 300-ден астам қатысушы мен түрлі өңірлерден 24 мықты команда жиналды, олар табандылық, командалық жұмыс және жеңіске деген ұмтылысты паш еткен тамаша ойын көрсетті. KAZLOGISTICS кубогы спорттық ортада сала қызметкерлерін біріктіретін бірегей алаң ретінде танылды. Бұл турнир жай ойын емес, көлік-логистикалық бизнестің жетекші өкілдері арасындағы бірліктің, корпоративтік мәдениеттің және салауатты бәсекелестіктің символы. Биылғы турнир Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналды.
Турнир нәтижесінде 1-орынды TRANCO JEZZ командасы, 2-орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС командасы, 3-орынды Құрық порты тобы иеленді. Ұйымдастырушылар шағын футбол турнирінің барлық қатысушыларына шын жүректен алғыс айтып, әр команда шеберліктің жоғары деңгейін және ойынға деген шынайы құмарлықты көрсеткені үшін ризашылық білдірді. Сонымен қатар ойынға демеушілік еткен «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Нұржол» компаниясы, «Транко» АҚ демеушілеріне де рахметін айтты.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
1191
13 ноября 12:40
ТОО «Богатырь Комир» увеличило реализацию металлолома в пять раз
315
13 ноября 11:38
QADAM PRO - шаг от студента к специалисту