Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезеңінде елорда вокзалдарында күшейтілген және тәулік бойғы жұмыс режимі қамтамасыз етілетін болады.
Елордалық теміржол вокзалдарының дайындығы жоғары. Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда теміржол көлігі Астана-1 станциясынан 23 бағыт бойынша тәулігіне 11 мыңға жуық жолаушыны, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалы бойынша тәулігіне 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдауда. Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.