Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фестивальдің финалына іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары – еліміздің 20 өңірінен келген 400-ге жуық спортшы қатысуда. Барлығы – бейімделген спорт секцияларында жаттығатын балалар.
Жарыстар 9 спорт түрі бойынша, соның ішінде бейімделген жүзу, каратэ, футбол, бочча, жеңіл атлетика, пионерболдан және т.б. өтіп жатыр.
Жеңімпаздар 28 маусымда анықталады. Марапаттау рәсімі «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде сағат 10:00-де басталады. Барша жанкүйерді балаларды қолдауға шақырамыз.
Шара «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Саламатты болашақ» қайырымдылық жобасы аясында өткізіліп жатыр.
Samruk-Kazyna Trust 2018 жылдан бері инклюзивті спорт секцияларын құруға бағытталған «Саламатты болашақ» жобасына қолдау көрсетіп келеді. Соның арқасында 7 мыңға жуық ерекше бала бейімделген спорт түрлерін меңгерді.