Главная Новости Астанада халық игілігі үшін оныншы жайлы мектеп ашылды
25 қараша 2024, 15:29 57

Астанада халық игілігі үшін оныншы жайлы мектеп ашылды

Астанада халық игілігі үшін оныншы жайлы мектеп ашылды

Елорданың Есіл ауданындағы Қасым Қайсенов көшесінде жаңа мектептің ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл – елордада ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған 23 мектептің оныншысы. Ашылу рәсіміне қала әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Құрылыстың мердігері «NAK Construction» ЖШС болды. Мектеп екі кезекте 1200 оқушыға арналған.

Мектеп директорының айтуынша, ұстаздар құрамы толық жасақталған. №95, №82 және Binom сияқты жақын маңындағы лық толы мектептерден 250-ден астам оқушы ауыстырылды, ал қалған оқушылар үшінші тоқсанның басында қосылады деп күтіледі. Сабақ процесі дүйсенбі, 25 қараша күні басталады.

Қызығы, мектептің орнына ойын-сауық нысанын салу жоспарланған-ды. Бірақ жергілікті тұрғындардың белсенді ұстанымының арқасында білім ордасын салу туралы шешім қабылданды.

Заманауи мектеп ғимараты бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларына арналған блоктарға бөлінген. Әр блокта оқушылар мен мұғалімдерге арналған коворкинг аймақтары қарастырылған. Кіші сынып оқушылары үшін ойын бөлмесі, ал цифрлық дағдыларды дамыту үшін робототехника кабинеті жабдықталған. Оқушылар теориялық білімдерін іс жүзінде бекіту үшін STEM-зертхана да бар.

Мектеп Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Бұл жоба апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге, сондай-ақ оқушы орындарының жетіспеушілігін жоюға бағытталған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: