Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл наурыз айында елорда төрінде Қазақстанның транзиттік әлеуеті мен инфрақұрылымына арналған халықаралық көлік-логистикалық форум өтеді. Іс-шара аясында көлік саласына қатысты халықаралық конференция мен көрме ұйымдастырылады деп күтілуде.
Екі күндік форум барысында оған қатысушылар Астана іргесіндегі Индустриалдық паркке экскурсияға барып, ондағы қоныс тепкен зауыттарда болып, теміржолдың машинажасау өндірісімен танысатын болады.
Жалпы іс-шара кезінде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту перспективалары мен соңғы жетістіктері таныстырылатын болады. Әсіресе форумда көтерілетін өзекті тақырыптардың бірі – Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселесі болмақ, осы ретте теңіз және теміржол тасымалы, порттар мен терминалдар салу мәселесі кеңінен талқыланады.
Сонымен қатар Қазақстанның экспорты бойынша негізгі бағыттарға, атап айтқанда астық, тау-кен, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар экспорты мен олардың көлік инфрақұрылымын дамытуға ықпалы туралы сөз болады.
Форум кезінде өтетін конференцияда негізінен көтерілетін тақырыптар халықаралық теміржол тасымалдары, жаңа қызметтер мен бағдарлар, Қазақстандағы теміржол тасымалы бойынша тариф саясаты болмақ. Сонымен қатар Қытаймен арадағы жаңа сауда бағдарларын салудың экономикалық және геосаяси жақтары сөз болады деп жоспарлануда.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы