Главная Новости Астанада Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің V отырысы өтті 
08 октября 2026, 14:43 43

Астанада Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің V отырысы өтті 

Астанада Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің V отырысы өтті 

«Самұрық-Қазына» қорында Қазақстан мен Ұлыбританияның іскер топтары және мемлекеттік органдарының 100-ден астам өкілінің қатысуымен Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің V отырысы өтті. Жиында «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов, Ұлыбританияның сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Анас Сарвар, Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әлібек Бақаев және Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Салли Аксуорси құттықтау сөз сөйледі.

Отырысты ашқан «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов екі ел арасындағы экономикалық серіктестіктің дәстүрлі салалар аясынан шығып, жаңа бағыттарды қамтып жатқанын атап өтті.

«Бүгінде біздің назарымыз алда не болатынына бағытталуы керек. Қазақстан-Британ экономикалық ынтымақтастығы дәстүрлі салалардың аясынан шығып, маңызды минералдар, көлік, логистика, авиация, инфрақұрылым, қаржылық қызметтер және цифрлық трансформация салаларында жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып жатыр», – деді ол.


Ол «Самұрық-Қазынаның» британдық бизнеспен ынтымақтастығының тәжірибелік сипатын атап өтті. Қазіргі таңда іске асырылып жатқан жобалардың қатарында «ҚазМұнайГаздың» Shell және BP компанияларымен серіктестігі, Air Astana-ның BAE Systems компаниясымен ынтымақтастығы, сондай-ақ Samruk-Kazyna Invest пен United Green компанияларының күн энергетикасы саласындағы жобалары бар.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Alatau City жобасын іске асыру болды. Қатысушылар қаланы дамыту тәсілдерін, сондай-ақ заманауи қала инфрақұрылымын жобалау және құру саласындағы халықаралық тәжірибені талқылады.

Жеке сессия капитал нарықтары арқылы болашақ өсімді қаржыландыру мәселесіне арналды. London Stock Exchange Group, TheCityUK, UKEF және Қазақстанның қаржы институттарының өкілдері капитал тарту және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

 

Отырыс аясында Қазақстан-Британ іскерлік ынтымақтастығын дамытуға бағытталған екі құжатқа қол қойылды:

Қазақстан-Британ іскерлік кеңесін дамыту жөніндегі бірлескен мәлімдеме (Joint Statement on the Development of the Kazakh-British Business Council). Құжатта Кеңесті екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимыл алаңы ретінде одан әрі дамыту, оның отырыстарын жыл сайын өткізу, сондай-ақ жаңа сауда және инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету көзделген.

«СК-Фармация» ЖШС мен AstraZeneca арасындағы ұзақ мерзімді жеткізу шарты (Long-Term Supply Contract between SK-Pharmacy and AstraZeneca).

Қазақстан-Британ іскерлік кеңесі – Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы іскерлік және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған алаң. Кеңес 2015 жылы құрылған, Қазақстан тарапынан «Самұрық-Қазына» қоры оның тең төрағасы қызметін атқарады. Іскерлік кеңестің келесі отырысын 2027 жылы Лондонда өткізу жоспарланып отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: