Главная Новости Астанада ҚазМұнайГаздың саябағы ашылды
18 октября 2025, 22:15 574

Астанада ҚазМұнайГаздың саябағы ашылды

Астанада ҚазМұнайГаздың саябағы ашылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына қарқынды түрде қатысуда.

Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз саябағы» ресми ашылып, 1300-ден астам ағаш отырғызылды. Жалпы ауданы 3,5 гектарды құрайтын саябақта алдағы уақытта кешенді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Саябақ елорданың Нұра ауданында, Тұран көшесінің бойында «Ғарыш сапары» кешенінің маңында орналасқан.

Әкімдік аумақты қала кеңістігінің сапасын арттыру және экологиялық жағдайын жақсарту шаралары аясында абаттандыру және көгалдандыру аймағы ретінде алдын ала анықтаған болатын.

— ҚазМұнайГаз саябағының ашылуы — ұлттық компанияның кең көлемде жүргізіп отырған экологиялық жұмысының бір бөлігі. ҚМГ «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысуда: соңғы жылдары еліміз бойынша 300 мыңнан астам ағаш егілді. Сондай-ақ ҚазМұнайГаз Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. 22 гектар аумаққа 150 мың қарағай көшеті отырғызылды, — деп атап өтті ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.

Жалпы, биыл ҚМГ-ның кәсіпорындары орналасқан аймақтарда 109 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күні олардың 40 мыңнан астамы егілді. Қалалар мен елді мекендерде жаңа жасыл аймақтар құруға, сондай-ақ еншілес кәсіпорындардың өндірістік нысандары мен кен орындарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылуда.

2025 жылдың басынан бері «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы экологиялық бағдарламаны сәтті іске асыруда: 8,9 мыңнан астам адамның қатысуымен 270 сенбілік өткізіліп, 5,7 мыңнан астам қап қоқыс жиналды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.

2025 жылғы 18 қазанда ҚМГ-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдары өздері орналасқан өңірлерде ағаш отырғызып, сенбілікке шықты.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: