Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
4 қазанда елордада "New Silk Way" VI Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы өтеді.
Көлік апталығы аясында 4-6 қазан аралығында Астана қаласында "Translogistica Kazakhstan 2023" 26-шы Халықаралық көрмесі, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1 мекенжайы бойынша "EXPO" халықаралық көрме орталығының алаңында өтеді.
Бизнес-форумда сарапшылар мен қатысушылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды тасымалдау саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылайды. 23 елден 1000-нан астам делегат қатысады деп күтілуде.
Бизнес-форумды ұйымдастырушылар:
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі;
- "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ;
- "KAZLOGISTICS" Қазақстан көлікшілер одағы" ЗТБ.
Бизнес-форумның мақсаттары:
- бизнес-құрылымдардың келіссөздері үшін алаң құру;
- Еуразия құрлығының теңізге шыға алмайтын елдерінің транзитін дамыту бойынша үйлестірілген ынтымақтастық;
- Еуразиялық трансконтиненталдық транзиттік дәліздің мүмкіндіктерін, оның ішінде "Трансевразиялық тасымалдар жөніндегі халықаралық үйлестіру кеңесі" халықаралық қауымдастығына қатысушылардың мүмкіндіктерін қарау;
-Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын таныстыру;
- Қазақстан аумағына/ішінен/қосымша жүк ағынын тарту,
- жаңа серіктестіктер, жаңа нарықтар, жаңа бағыттар табылуы.
Бизнес-форумның міндеттері:
Бизнес-форумның міндеттеріне келесі өзекті тақырыптар мен проблемалық мәселелер бойынша шешімдерді талқылау және іздеу кіреді:
- халықаралық теміржол тасымалдарын ұйымдастырудағы инновациялар және оларды енгізу;
- контейнерлік тасымалдарды дамытудың өзекті бағыттары және олардың болашақ перспективалары;
- нарықтағы қазіргі ойыншылардың орта дәлізге жүк ағындарын тарту тиімділігі;
- тасымалдарды цифрландыру барысы және күтілетін нәтижелер туралы;
- қазіргі заманғы логистикада авиатасымалдар нарығын дамыту;
- Қазақстанның әуе жүк тасымалдаушылары үшін оңтайлы және тиімді инфрақұрылымды ұсыну мүмкіндіктері;
- халықаралық көлік логистикасын дамыту трендтері;
- жүк ағындарын жаһандық қайта бағдарлау жағдайында контейнерлік тасымалдау нарығын дамыту векторы;
- санкциялардың және әлемдегі қазіргі жағдайдың халықаралық автомобиль тасымалы нарығына әсері;
- автокөлік қызметтері процесін автоматтандыру;
- жоғары білім беру, жұмыс орындарында оқыту мамандарын даярлаудағы озық тәжірибелер мен проблемалар;
- көлік компанияларын білікті қызметкерлермен қамтамасыз етудегі қиындықтар.
Күтілетін нәтижелер:
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете