Главная Новости Астанада TransLogistica Kazakhstan 2024 көрмесі ашылды
09 қазан 2024, 11:35 263

Астанада TransLogistica Kazakhstan 2024 көрмесі ашылды

Астанада TransLogistica Kazakhstan 2024 көрмесі ашылды

Астанада көлік саласына арналған дәстүрлі халықаралық «Көлік және логистика» - Translogistica Kazakhstan 2024 көрмесі ашылды. 

9-11 қазан аралығында өтетін TransLogistica Kazakhstan мамандарға экспедиторлық компаниялармен және жеке жүк көлігі паркінің, контейнерлердің, вагондардың, теңіз және әуе кемелерінің, терминалдардың, қоймалардың және порт инфрақұрылымының иелерімен тікелей байланыс арқылы кез келген коммерциялық жүктерді жеткізуді оңтайландыруға, сондай-ақ көлік-логистикалық тізбекті құру үшін сенімді серіктестер табуға және тиімді шарттармен ынтымақтастық туралы уағдаласуға мүмкіндік береді.  

Жыл сайын TransLogistica Kazakhstan көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап жүктерді сақтауға және өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін көрсетеді.

Көрмеге әлемнің 18 елінен 180-нен астам компания қатысуда.

Аталған шара аясында бірнеше тақырыпта конференция өтеді. Онда «Қазақстанда теміржол көлігі мен инфрақұрылымды дамыту», отандық теміржол машинасын жасауды дамыту, көлік объектілері мен инфрақұрылымын салу және жаңғырту мәселелері қарастырылатын болады. Сондай-ақ ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау» мәселесі қаралады.  

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: