Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Оған Қордың еншілес компанияларының топ-менеджменті – «ҚТЖ» басшысы, «Қазатомпром» мен «ҚазМұнайГаз» басшыларының орынбасарлары қатысты. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов Sovico Group-пен серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, Qazaq Air-ді жекешелендіру бойынша аяқталған мәміленің мәніне тоқталды.
Ол Sovico Group пен VietJet Air-дің Qazaq Air компаниясын жаңа VietJet Qazaqstan брендімен басқару және операциялық қызметке қатысуын жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» басшысы мұнай-газ саласында (оның ішінде Вьетнамның PetroVietnam компаниясымен), көлік және логистика, атом өнеркәсібі және басқа да салаларда серіктестікті кеңейтуге әлеует бар екенін мәлімдеді.
Вьетнам — Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 860 миллион АҚШ долларына жетті.