Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Тудың өлшемі – 24x12 метр.
Республика күні қарсаңында Amanat партиясы Орталық аппаратының ғимаратында өлшемі 24-те 12 метр Мемлекеттік Ту ілінді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Дәл осындай үлкен Ту ғимараттың қасбетіне алғаш рет ілініп отыр. Партия өкілдерінің айтуынша, аспан түстес Көк Ту адамдардың бойында патриотизм мен өз еліне деген мақтаныш сынды ең ізгі сезімдерді оятуға негізделген.
«Белсенділеріміз ел аумағындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға Көк байрағымызды ілуде. 25 қазанға дейін бас-аяғы 10 мыңнан астам Ту ілу жоспарланып отыр. Аталған акцияның басты мақсаты – ел азаматтары арасында патриоттық сезімді ояту. Мемлекеттік Туымызға қараған сайын кеудемізді өз елімізге деген мақтаныш сезімі кернейді. Біз Туды «AMANAT» партиясының ғимаратына ілдік. Ол түрлі мәдени іс-шараларда, ұлттық құрамаларымыздың матчтарында, тіпті жуырда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Димаш Құдайбергеннің концертінде желбіреді. Көк байрағымыз елорданың қақ ортасында 25 қазанға дейін ілініп, ел тұрғындарын қуантады», – деді Ақерке Искандерова.
Ол бұл акцияның 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Тәуелсіздігіміздің бастауы болғанын еске салуға арналғанын атап өтті.
Amanat партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты осымен 3 жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын насихаттауға бағытталған «Менің Елім – менің Туым» акциясын өткізіп келеді. Биыл акция аясында ел аумағында 10 мыңнан астам Мемлекеттік Ту ілінеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
68
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
77
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы